Ұрыстан кейінгі дала – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Ұрыстан кейінгі дала» атты Фариза Оңғарсынова жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 05.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1245
(аударма)

Жердің беті күл-талқан:
жаутаңдайды жетімдей ақыл сұрап,
қопарылған егін де жатыр сұлап.
Шала-жансар қаралы Жерге мына
Ай қарайды мүсіркеп, жақынсырап.
Дала қалды жұрдай боп көк түрінен,
қабырғасын қара жер сөкті білем.
Тірілер жүр көміп те үлгере алмай,
өліктердің соншалық көптігінен.
Сынған қару-жарақтар, бас сүйектер.
Үйлер қалды шарпылып өрт тілімен.
Шыққыр көзім, куә бол барлығына:
сақтау үшін мәңгі есте қанды мына,
сезу үшін мәңгілік өлім иісін,
кетпеу үшін жанымның зар, мұңы да.
Сақталады мәңгі есте мұның бәрі,
қанды жол боп қалады жырымдағы,
мән куәмін өйткені барлығына.

ПАБЛО НЕРУДА


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері