Аққу аралы – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Аққу аралы» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.03.2018
  • 0
  • 0
  • 3033
Өтсе де өткелектен,
Өткелдерден,
Шіркін-ай, бұл бабамыз неткен мерген.
Көзінен құралайды көздеп атқан,
Іздемей оңай олжа шеттеу жерден.
Маралдың ішінде де маралы бар,
Ақ-қараны айырар саналы жан.
Арудың аққу құсын сүйген Естай
Таңдап ап арулардың аралынан.
Жатса да ғашықтықтан күйреп ерен,
Садақпен аруды ақын түйремеген.
Арудың елжіреген ет жүрегін —
Ақтарған теңдесі жоқ күй мен өлең.
Ағытқан теңдесі жоқ күй мен өлең.
Төрдегі басын төмен сүйремеген.
Әніңді келе жатыр жалғап сенің,
Өзіңді,
Өнерді де сүйген өрен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері