Есімде – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Есімде» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.02.2022
  • 0
  • 0
  • 2265
(аударма)

Есімде менің бәрі де,
ұмытар емен әлі де.
Күйзелдім сонда қалжырап,
ата алмай тұрды таң жылап.
Қан түкірген Жер, жанның,
күңіреніскен Зарлы үнін...
Ұмытса жұрттар барлығын,
ұмытпаған мен бармын.
Сондағы қан ағылған
тарихқа да жазылған.
Сондағы отты махаббат
жаралған еді жалыннан.
О, мырзалар, сұлулар!
Есімде бәрі мәңгілік.
Сол жылдар кетті зарлы қып.
Қан жылап туған жырымды
шырқаңдар өлмес ән қылып!

ПАБЛО НЕРУДА


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері