Шұбырынды ұласып ақ табанға – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Шұбырынды ұласып ақ табанға» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 637
«Шұбырынды ұласып ақ табанға»,
Жердің бетін топан су қаптағанда,
Ғашық қылған Абайды ару Тоғжан
Ақ күміске маңдайын қақтағанда,
Көкшіл теңіз сапырып толқындарын,
Айдың нұры тербелді ақ бағанда.
Қыз ілгенде иыққа құмырасын,
Құмыралы күндердің сыры басым.
Шыр айналған ұршығын қолына алып,
Зымырасын алтын күн, зымырасын.
Ақшыл толқын аймақта тербетілген,
Тұман билеп барады жер бетімен.
Аққу біткен айдында қалқып ұшып,
Ақ періште қанатын серметумен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері