Бір ақ жарық келеді. Күшті жарық – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Бір ақ жарық келеді. Күшті жарық» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 862
Бір ақ жарық келеді. Күшті жарық,
Айқай салып барады ішті жарып.
Бауыры аппақ қарлығаш топ-тобымен
Қара орманнан топталып ұшты барып.
Бір ақ сәуле келеді нұры басым,
Нұры басым ғаламнан сыр ұғасың.
Домбырасын, әндетіп, жырға қосып,
Отырғандай болады тірі Қасым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері