Бөтендік – Айнұр Төлеу

Бұл бетте «Бөтендік» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1040
Уақыт қайдан бағаласын құнымды?
Кеміреді кетік етіп ғұмырды.
Жын біткендер жер бетінде ойнап жүр
Аспанша айтқан түсіне алмай тілімді!
Жынды қойшы, атамайық Періні,
Менің басқа, оның бөлек сенімі.
Бір таным мен бір кеңістік үстінде
Жабыспады-ау біздің ойдың желімі!
Келіп алып аспан жақтан қаңғырып,
Неге іздейміз жер үстінен Мәңгілік?
Қызығы көп мынау қызыл дүние –
Мәңгіліктен құлап түске саңғырық!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері