Жағалаудағы жыр – Айнұр Төлеу

Бұл бетте «Жағалаудағы жыр» атты Айнұр Төлеу жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 25.09.2021
  • 0
  • 0
  • 796
Жұлдыз болсам мен егер,
Аспанға алаңдамай,
Асығып ағар едім саған қарай...
Көк Каспий,
Байқадың ба?
Құрылыққа бейімделді өлең – күнім,
Өзіңнен іздеп келдім
Жанымның тереңдігін!
Тұнықтығын,
Жанымның мөлдірлігін,
Көру үшін жағаңа келдім бүгін.
Көкпеңбек қуанышым,
Менің де көзім күліп,
Жасаурап тұрады ішім.
Су саған жермен келсін, бұлттан сіңсін,
Аққуың арда мөлдір ұрттап жүрсін.
Көңілімнің көк айнасы, ұлықсат бер,
Көзімнің тамызайын бір тамшысын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері