Көздің жасы – Айнұр Төлеу

Бұл бетте «Көздің жасы» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.09.2021
  • 0
  • 0
  • 920
Уайым – у,
Ұрттаса ащы кім-кімге.
Ессіз әлем ес жияр ма, бір күнде?!
Мен сүйеніш бола салам несі бар,
Бірақ оны сен ешкімге білдірме!
Менен басқа сыйлай алсын кім үміт?
Қайғырмашы мұңсыздардан тығылып,
Өзіңді өзі жұбатасың байқамай,
Менің мөлдір көз жасымды сіміріп!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері