Шарасыздық – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Шарасыздық» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 888
Тауқыметте жүрсеңдағы сен мейлi
маңдайыңа жазғаны осы көн дейдi.
Көре тұра көрмеген боп сонан соң
дүниенi кең дейдi ғой, кең дейдi.
Кең дейдi ғой! – түсiнбедiм осыңды.
Түсiне алмай жан-жүрегiм тосылды.
Солға жүрсем –
сорға батып белшеден,
оңға жүрсем –
тауға соқтым басымды.
Алдыменен дүниенi кешiп көр,
Жанып тұрып сонан кейiн өшiп көр...
Қағынады –
атса менi бiреулер,
тарылады –
мен кiретiн есiктер.
Қаншама рет шағылдым мен, шаршадым.
Қаншама рет қирадым мен, қаусадым.
Аяқ бассам –
шеге кiрдi табанға,
қолды созсам –
отқа күйдi саусағым.
Сөздер айтам қауқары жоқ бiр-жары,
қалған-сынды тұла бойдың құр жаны.
Отқа оранып жүрегiмнiң бiр жағы,
мұз боп қатты,
ал екiншi бiр жағы.
Кең деген сөз мен үшiн бiр қиялдай.
Жүремiн тек ой, есiмдi жия алмай...
дүниенi кең дейдi жұрт,
мен болсам
аласұрам дүниеге сия алмай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шарасыздық өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Шарасыздық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шарасыздық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шарасыздық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері