Өлең, жыр, ақындар

Біреу бар

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 04.12.2015
  • 1
  • 0
  • 12550
Біреу бар жоқшылықтан өле алмайды,
Біреу бар аяқ басып жүре алмайды.
Біреу бар буаз аққу сияқтанып,
Назданып аяқ-басын бүге алмайды.
Сұлу бар бидай өңді, кылымсыған,
Еркелеп, сөйлей алмай, ыңырсыған.
Арадан айлар өтіп көргеніңде,
Дәт көңіл шыдай алмай, тыпыршыған.
Ақ маңдай, ителгі көз, алма мойын,
Қанды бет, жазық маңдай, ыссы қойын,
Алыстан ат арытып келгеніңде,
Балқиды қорғасындай тұла бойың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біреу бар өлеңінің авторы кім?

Абыл Тілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Біреу бар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Біреу бар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абыл Тілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біреу бар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері