Ел қорғаған батырлар! – duisenbekdilnaz

Бұл бетте «Ел қорғаған батырлар!» атты duisenbekdilnaz жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ауыртпалық әкелді бұл күн әр адамға,
Естен кетпес сәт болды батырларға.
Тарихтын өшірілмес бір сызығы,
Ұмытылмас әр сәті барша адамға.

Батылдық пен жасаған қадамдарың,
Жау алдында дес бермеген мықтыларым
Жер үшін еш нәрседен қорықпаған
Қаһарманым өшпес мәңгі ерліктерін.

"Балам" деп шырылдаған жас аналар,
"Жерім" деп айқайлаған ұлтжандылар
Бір соғыстың тигізген зардабтары
Үлкен жара қалдырды адамзатқа.

Жау қолына жібермеген алтын жерін,
Батырларым қарашы бір айналана
Асыл жерін аман қалды бір арқанда.
Бейбіт үшін күрескен әр батырым
Бас иемін тек өзіне Жеңіс үшін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар