Бір сезім жанарыңда елжіреген – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Бір сезім жанарыңда елжіреген» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.12.2015
  • 0
  • 1
  • 11470
Бір сезім жанарыңда елжіреген
жанымды тұңғыш рет дір еткізді.
Басармын сол дірілді енді немен
бір арман кернегендей жүректі ізгі.
Жаныма жақын тартып барады үнің,
сені айтып сыбырлайды терек, емен.
Еркелеп асыр салған балалығым
алыстап бара жатыр неге менен?
Ұйқымды шайдай ашып ұзақ түнде,
елесің көлбеңдейді неге сенің?
Ойыма сөздеріңді жүз ап күнге,
күбірлеп қиялыммен кеңесемін.
Сыланам. Жиіледі шашты да өру.
Жанымды жайлап алдың, санамды ұрлап.
Қайғы ма, қуаныш па жақсы көру
баласын бөтен үйдің?
Маған жұмбақ.

1958


Пікірлер (1)

жансая

жақсы екен маған ұнады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір сезім жанарыңда елжіреген өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Бір сезім жанарыңда елжіреген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір сезім жанарыңда елжіреген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір сезім жанарыңда елжіреген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері