Өлең, жыр, ақындар

Теңіз толқындары

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1756
Толқындары теңіздің
Толқыны емес өзеннің,
Кетеді үзіп ол тізгін
Алдында нақ көзіңнің.
Тентек теңіз толқыны
Аспанға атса ақ жалын,
Мың бүктеліп толқыды,
Құшаққа ала жан-жағын!
Атылса ол тауға алыс,
Алатындай апшыңды,
Шегініп кеп, жолбарыс
Секілді үске шапшиды!
Тау толқындар аптығып,
Жарды жебе сауады,
Көбігін аппақ лақтырып,
Төсіңе төге салады.
Атылса үске ұғасың,
Ақ көбік толқын соғылып,
Сонда бір, шіркін, шығасың
Ақ күміске шомылып!..
Толқындар бейне өмірдей
Ағады алға, жоқ тұрыс,
Арман не өмір лебін дей
Өлеңім шашса ақ күміс?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жазулы тас

  • 0
  • 0

Езу тартпас қара тас
Бетіне әжім түспеген,
Жанымыздай біздің жас
Жалынды оты өшпеген.

Толық

Аспаны да аласа

  • 0
  • 0

Құмның, көрсең сен мұнда
Аспаны да аласа,
Шақ құламай күн құмға
Тұрғандай-ақ қарасаң.

Толық

Шопан әні

  • 0
  • 0

Мен колхоздың шопаны шарықтаған,
Қасқыр тісін бір қойға дарытпаған,
Жүні жібек, сүті уыз, қозысы егіз,
Қой құйрығын аязға қарытпаған.

Толық

Қарап көріңіз