Өлең, жыр, ақындар

Мен ақынмын, мен – еш мистер емеспін

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 728
Әлде қалай, –
Нью-Йорк, не Парижде
Серуендеп жүре қалсам, кеш бір кеп,
Парижанка сырттан көріп бір жерде
Атай қалса, – мені: – мынау мистер, – деп;
– Жоқ, мадмуазель!
Білмес мені мұнда ешкім,
Мен – ақынмын, мен еш мистер емеспін! –
Дер едім де, жөнелер ем пардон! – деп,
Неге десең ол ат маған өрескел!
Ондайларға кездессем мен шетелде,
Орысша айтсам, – түсінбесе бекерге,
Өлеңімді қазақша айтып жөнер ем,
Қалпағымды шерте киіп шекеме!
Былай қойып көшесінің думанын,
Жолықса бір кездескендей туғаның, –
Қол алысып, қолтықтасып кетер ем,
Қара сақал жігітімен Кубаның,
Емеспін мен министр де, мистер де,
Ақынға шен жараспайды дәстүрде.
Миср емес, Жароков боп атанып,
Өлеңдеттім Отанымда өстім де.
Көрмесем де Вашингтон, Парижды,
Өз Отаным жырға жаңқа жарғызды!
Азды-көпті өлеңіммен өмірге
Өтеп келем мойнымдағы парызды.
Самғатқанда космосқа елім құс кілең,
Құс боп ерлер көк жүзінде ұшты кең!
Ұшпасам да космонавтар тобында,
Ұшты өлеңім Америка үстінен.
Өз елімде өсіп, еңсе көтердім,
Өз елімде өлеңдетіп өтермін!
Долларына,
өсегіне,
дуына, –
Алтынына – пысқырмаймын шетелдің!
Өлеңімді – шетел, мейлі, таратып
Оқысын, не оқымасын жаратып, –
Жалындата төгіп жарқын жырларын, –
Шырқай бермек жолдас Тайыр Жароков!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Майданға тартты жолдастар

  • 0
  • 0

Қыранның балапанына
Біткендей көкшіл қауырсын,—
Отанның алақанында,
Өскен, достар, бауырсың.

Толық

Кавказ шыңы

  • 0
  • 0

Кәрі Каспий, Қара теңіз
Толқыны ойнап, көкке буы
Көтерілді, теңізге егіз
Тау қарауыл Кавказ шыңы.

Толық

Құрметті легион жұлдызы

  • 0
  • 0

Құйдың ерлік жұлдызы
Сәулеңді ер адамға,
Миллион жан өзіңді
Сүйіп, кірді майданға;

Толық

Қарап көріңіз