Ана тілегі – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Ана тілегі» атты Айтуар Өтегенов жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 28.06.2019
  • 0
  • 0
  • 5376
Балам,
Балам,
Көз нұрым, қарашығым,
Анашың жиды өзіңе бар асылын.
Қараймын саған таудай үмітпенен,
Атыңа сүйсінемін жігіт деген.
Алыс кетсең бар бейнең алдыма кеп,
Жүремін сен «ауырып қалды ма», деп.
Таңда да орап жатып жаулығымды,
Ойлаймын, балам, есен – саулығыңды.
Алдыңнан табылсыншы керегің тек,
Дәмелімін немере көремін, деп.
Бір келін,
Алып соны ойыма мен,
Жүрмін ғой дайындалып тойыңа мен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ана тілегі өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Ана тілегі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ана тілегі өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ана тілегі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері