21 ғасыр адамдары
Оқып емес барлығын естіп білген,
Бесіктен шықпай жатып көпті көрген.
Айналада алатын ақпарат көп
Әр нәрсеге қызығып есі кеткен.
Жан-жағын тұмшалаған жасандылық
Нақтылықты анықтап көз көрмеген
Жалт-жұлт еткен дүние есін алып
Соңынан қу дүниенің ере кеткен.
"Бақастық менде жоқ" -деп айтса дағы
"Бәсекелік" бар екенін еш сезбеген
"Досым бар адал менің" -десе дағы
Жағдайы жаман болса қол сермеген
Өмірі өтіп жатыр еш мәні жоқ
Жүре алмас жиғанын шашып-төкпей
Той болса тыраштанып қалғысы жоқ
Жатса да отбасына қолы жетпей.
Басқадан төмен болып көрінбеске
Салады бар тиынын есептеспей.
Өзінің шықпас жанын бағып жүріп,
Жұрт үшін көрінеді көңіл көштей
Бар ойы телефон әйнегінде
Айнала болған іске көңіл бөлмей
Мақтану бойын билеп алса керек
Шынайы бейнесі жоқ көрінердей
Көңілі толып, тасып тұрғандайын
Бос арман қиялына семіргендей
Ештеңеден хабар жоқ, бос әурелік
Күй танытар тоқтықтан есіргендей
Өз миымен ештеңе шеше алмайды
Өз қолымен су құйып өсіргендей.
Ақыл сұрар қасында есті адам жоқ
Жүреді бәрі дағы есін білмей
Себебі интернетке тәуелді олар
Интернеттен жаралып жетілгендей.
Не қателік жасаса да саналы оймен
Жасап алып күй танытар, өкінгендей
Ата-анасын баладай басынады,
Ата-анасын өзі туып өсіргендей
Бір сәтке алды-артын ойламайды
Бүгінгіні, келер шаққа көшіргендей
Бүгін жас, ертең кәрі емес пе еді?
Күй кешсе қайтер екен, сезінгендей
Қатты таяқ жеп алмай ойланбайды
Түнеріп кеткенінше өмір көрмей
Адамдықты сақтау үшін міндетті ме?
Өмірден кетіп барып, қалу өлмей
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі