Сауатыңды аш – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Сауатыңды аш» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 871
Ғасыр бойы тұман басқан,
Мұңдыларды мұнар басқан,
Жұмысшы тап теңдік алып,
Көзін ашқан, ұрандасқан!
Білімге көп қаптап қаулап,
Аттанды жұрт сансыз саулап,
Сауатыңды аш!
Ұран сала,
Тауға самғап, өрттей лаулап!

1929


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері