Зоя
М. Алигерден
Поэма
1941жылы, декабрь айының басында, Верец дейтін қалаға жақын жердегі Петрищев деген селенде, өзінің атын Татьяна деп атаған он сегіз жасар комсомол қызды немістер дарға асып өлтірген. Ол қыз — Зоя Космодемьская дейтін Москва мектебінің оқушысы болып шықты.
(Газеттен)
КІРІСПЕ
Мен кірістім шешуге ой түйінін,
Білмей бейне ұшы қиырын, жауабың
Бақшадағы бөрене үй әйнегін,—
Көрем қарсы алған Мәскеу май айын.
Үй төбесін күн сүйді, әне көзі өткір,
Босағада кітап оқып қыз отыр.
«Әне өзенде саяда,
Сол өзенде жағада,—
Марусяжан жуған аппақ аяғын...»
Марусяның күлкісі мен өзеннің
Сылдырына үн қосып сол сұлу жыр,
Көкте күнмен шағылысып безелген
«Марусяға қарай жүзіп қаздар жүр...»
Қарағайға күн де көзін қадапты.
Қыз кітабын тастап, шолса жан-жақты:
Сонда әлгі әнді былай шырқатты:
«Қаздар ұшып тараңыз,
Суды лайлама...»
Жымың қағып күн нұрыңдай ойнаған,—
Бір жалт етер өмірде елес болатын—
Кезде нағыз ойда күдік жоғалған
Әлем саған көрінетін ап-айқын.
Сонда өмірің сонан бастап әдемі
Көрінуші ең мәңгі өзгермес қалпында
Жиһандағы жаралған зат әлемді
Бөлеу үшін бақыт - шаттық салтында.
Әсіресе, бұл болады алғашқы жолда,
Әлі өсіп еркін жетпеген,
Қандай қайғы болса - дағы тым ащы,
Секілді еді қасірет зәрін төкпеген.
Бар нәрсе адам көзіне айқын көрінген
Шақта, биік ұстап өзін өктеген.
Ашар кезде кең өмірдің есігін
Тұр еді ол бас имес зор бетпенен.
... Ортасында жиырмасыншы ғасырдың
Мың тоғыз жүз қырық бірге беттеген,—
Жыл басталған еді жазғы көктемнен.
Қыз сынағы басталған кез мектепте,
Жолын айқын ашпаған жақ жүрегі,
Ауып ойы кейде ойнап доп теппекке,
Көзін тартқан бірде өзен - су, терегі;
Мәскеу жазы жайнап көзге бөленген,
... Тимирязев алаңында қарағай
Тартқан сымдай сұлулана тігілген,
Кіршіксіз қып жада ғана жуған кір
Тұр жалаудай жіпке керіп ілінген.
Бір ғажайып, алдында не боларын
Білмейді адам, күткен оны не зат бар?
— Атың кім, айт қарағым?
— Зоя.
— Таня емес пе?
— Я, сондай да бір жақсы ат бар.
Олай болса, өзіме ерік беремін,
Сені іздеймін көрікті осы бақшадан,
Сені күткен бақытқа шын сенемін,
Саған басқа ой тілемеймін осыдан.
Гүл бақшадан шыққан сонау бой жаза,
Сәл серпіле сүйріктей боп өскен тым,
Он жетіге толған жасы қыз Зоя,—
Шәкірті еді мектебінің Мәскеудің.
I — Б Ө Л І М
Жұпынылау жетім балалар тұрмысы,
Өсті көрмей әлпештеген әкені.
Болмашы анасының табысы,—.
Айдың қалай аяғына жетеді?
Халы солай,
Сол бір күнді ойға ала,
Ескерсек біз —
Қазір ғана орала,
Кітап қойғыш бір жәшікті сатып ап,
Келген күні үйге біздің жан ана
Мәз-мәйрам боп қалған жоқ па ек қуана.
Орымдықты, кереуетті әр жерге
Орны-орнына қойып, шулап, таласып,
Кітап жинап этажерка қойғанда
Тұрмап па еді, сәні келіп жарасып?
Бақыт үшін талай жолдас күрескен,
Бақыт үшін көкседі Ильич ел қамын...
Ер Чкалов зорырақ Сібір полюстен
Ұшса екен деп тілеп едік жер шарын.
Аз шаршасын деген оймен кәрі ана
Столдағы тұрған шолып жұмысты,
Тауда тұрған Сирра — Гвадрама
Бас исін деп халық алдында еді күшті.
Газет сөзі, адам түсі, бар арман
Тас бұлақтай тасқындауға тоғысып,
Папаниннің атындағы мұзды алаң
Ерісе екен жаз шыққанша күн ысып.
Жайнап өмір көріктене өрнектеп,
Бұлақтайын аққан кезде сарқырап,
Терезесі күнге қарап тұр мектеп
Сәулеленіп, күле түсіп жарқырап.
Жер жиһан кең, орын да көп дап-дайын,
Әр қимылың етер мәңгі жоғалып,
Алуан жырды білесің сен күн сайын
Әр күн кітап оқисың көп ойланып.
Бүгін сонша, қыз, сені не қуантты,
Көңілдісін кешегіден бүгін шат,
Білмейсің сен әлі Ленинград,
Бір қала бар, аты оның Ленинград.
Беттен қайтпай тайталасып от жүзді,
Сәулетайым, өс, қанында жұлдыз бар.
Өсіп әлі көрген жоқсың теңізді,
Біздің елде жүзге тарта теңіз бар.
Асыр салып ойна жерде бөгелмей,
Асық, көріп білуге өмір өркенім,
Балалықпен жүрсің әлі сен білмей
Сүйген жарды құшақтаудың не екенін.
Тұрысымен есікті ашып таңертең,
Бір жақсылық күтіп әр не талғаймыз,
Керек бізге шатты, бақыт еді үлкен;
Кіп-кішкене бақытты біз алмаймыз.
Жолда тау бар, шығармыз тау шыңына,
Сапырармыз теңізін де, өзенін,
Өс тезірек бақыттың нұр шағына,
Қызым, сәулем, қызғалдағым — өзегім.
Қыздың әлем құлпырып көз алдында
Күңгірт шуақ, түрі бар ащы, тұщылық,
Пәтер үйлер мүлгіп бақша, бауында
Тұр, тынымсыз жұртта қауырт жоқшылық.
Мінезі оғаш алуан түрлі адамнан
Алаң толған азық күткен есеппен.
Өт деп өмір қызға топтан бұйырған
Баса-көктей үй арасы өсектен.
Жайып салып тұр бар әлем сыр - мұңын,
Онан алуан өмір күйін көресің,
Сонан сенің басталмақшы шындығың,
Шындық үшін жекпе-жекте күресің.
Шындық сендік. Бірақ әлі асықпа.
Қорғасындай ауыр сөзі орыстың
Жаңғырыққанда: бой бұрмай сен жастыққа
Отты көзбен аттың шыңын алыстың.
Дүниеде жоқ теңейтін бұл—сөз теңі,
Мұнда терең, биік құқық жатқандай,
Жерді жарған бұл сөз Өмір өзегі,
Сол жымиып бұл сөзді Ильич айтқандай.
Жалын атқан сонша отты бұл сөзіне
Мойын бұрмай төзе аламын не қылып,
Дзержинский қарағандай өзіме
Сұр шинелін иығына жамылып.
Бұл сөз — мәңгі жан жүйеге тоғысқан,
Бұл сез — туы, анты біздің жүректің
Ып-ыстық боп көзге түскен алыстан
Өшпес сырдай, қағазында газеттің.
Енді қандай жол таңдайсың, білемісің,
Ондай жолдан не білесің, не таныс?
Ол қиын жол
Тынығуды тілерсің,
Бірақ, онда, сірә, болмас ұзақ демалыс.
Ол қиын жол, қиын саған білу де,
Ерінің тістеп жан-жағыда қарамай,
Сен мектептен қайтқан шақта үйіде,
Бақылаушы ем, өтуші едің аңғармай.
Яки, кейде жолдан кенет бұрылып,
Мұғалімнің айтқан сөзін қайталай,
Қалмайын деп басқа адамға көрініп,
Келе жатып, мені өтуші еді байқамай.
Мен жақындап сонда саған:
— Немене?—
Шаршап, қажып қалыпсың ғой бұралып,
Десем, мүмкін, түсінсең де, әлде де
Қайтқың келмей әлде неге оралып.
Қаталсың сен, өзгеге де, өзіде.
Бір беткейлік, бір бетті мен бір емес,
Екеуінің мағынасы өзіне,—
Өзгеше, екеуі бір сыр емес.
Дос қыздарың жасқанар да, қаймығар
Бірге жүріп тұруға да сенімен,
Ойлан өзің, әлде жолда не болар?
Өте аласың ба қиын жолдың өрінен?
Айтса қайтпас өткір, жарқын түрінде
Сәл қиғаштау көзің жанған шырадан,
Сен орныңнан тұрдың жауап беруге
Саған сұрау беруге де ұялам.
Сен шындықтың отын жағып еркіңмен,
Жалынданған қимылыңмен, жаныңмен,
Сөйлескенде баламен де, үлкенмен,
Өр қиялың аққан шалқып қаныңмен.
Көкте бұлттай, Суда қайық ізіңдей,
Алтын жастық шағың сенің тез өтті,
Пионерлік шындық нәрі үзілмей,
Комсомолдық шындығың шын ер жетті.
Құстай ұшып алға аттадың асқар,
Ертең мәлім жанындағы сыр бүгін,
Үсте ойнаған биік зеңгір аспандай
Шарықтады большевиктік шындығың.
Шаршап, қажып зеріккен соң сабақтан
Ораларсың өзің туралы ойлана,
... Жаз да шығар...
... Бітер жазғы сынақ та,
Көксерсің сең әлде нені ойға ала...
Дәптеріңді жинап былай тастарсың,
Бір бес минут төзу, сірә, қиын ба?
Ал, кел енді,—
Ретімен басталсын,
Өткен жылдай болмақ бәрі биыл да.
Шаруа істейтін келер үйде орайын,
Қолың босап әлі-ақ үйде боларсың,
Іздеп барып қайың орман тоғайын
Сарғайыңқы жапырақтарды шоларсың.
Оқылмаған кітап сонша.
Жазған жұрттың бейнесін...
Бір күйдіріп, бір серпілтіп күлдіріп,
Кейде өзіңді, кейде өзгені көресің,
Кей бейнемен кеткендейсің бірге өліп.
Әрі күшті, әрі бай боп өз ойың,
Бір бейнені сүймей, бірін сүйесің,
Бақшадағы бір бөлмелі өз үйің
Байтақ әлем секілді еді сен үшін.
Әр адамның бейнесіне үңіліп,
Оқығанда көзің түрін көреді,
Бір адамның мінезінен үйреніп,
Кейбіреуін үйреткің де келеді.
Үйреткенде не үйретесің оларға,
Терең бойлап қарап әркім жанына,
Сұрыптап ап, қару беріп қолына,
Саптап жорық жөнелтпексің жолына.
Кітаптағы бар бейне оңай қона ма,
Ол күштірек болар сенің - ойыңнан...
Кітапты тек солай оқып қоя ма?
Кітапты олай жазады адам қолынан.
Ғажап емес,
Қарарсың
От көзіңмен,
Ғажап емес,
«Шештің бе, кім боласың?»
Деп сырыңды сұрар анаң
Өзіңнен.
Кім боласың?
Жүрек қанат қағады.
Атылып тік аспанға.
Жаныңа не жағады,
Әлем құшақ ашқанда
Ұшан қиыр жалғанда
Ашылмай жұмбақ қалған ба?
Ал, тыңда!
Бар бір ғана,
Қасиетті
Үлкен іс,
Оған қалай жол ашуға болады?
Жан кернеген ойды тербеп бойда күш,
Әр алуан жұртқа ой салсаң саналы.
Білгеніңді, көргеніңді тереңдеу,
Күшін жада еркін ақыл ер жүрек
Жұртқа тұтас түсіндіріп берем деу
Ұқсаң, сәулем, бір басыңа көбірек.
Жұртты ертуге білгеніңмен өзіңнің
Қай жол дұрыс таңдап ұғып алып
Қандай жолмен қалай етіп өзің біл,
Жетуіңді шыңына шын ұлы атақ.
Сен мұғалім болам десең мектепте,
Оған әлі қойған жоқсың ықылас,
Онда аспайсың тек кластан, ол көп пе,
Азғана ғой, болса өрісің тек класс.
Айтқаның, тек жетсе үйтіп жұртқа мол,
Елец етсе, ел сыбыр еткен сөзіңнен.
Бұл жол. өте қымтыр қиын жол,
Онда, ұлы бақыт қой, ол.
Соның жөн.
Сенікі жөн бұл бір бақыт, шын еркем,
Дүниеде сөзің басым көрінген,
Сенің күшті еркің менен болса екен
Сөйлескендей бүкіл байтақ әлеммен.
Әрбір сөзің музыкадай сыңғыр,
Әрбір сөзің емендей өрге өссе,
Қатты апаттан сені сақтап, жарқырап,
Түнгі маяк етіп бейне тербетсе.
Өмірде бар тынысыңды, ойыңды
Мәңгі сөйлеп тұрсаң құстай сен сайрап,
Есіттің бе, десең жерге үнімді?
«Я», «есіттім»— десе жер де айғайлап.
Ұшқыш тайын берік самолетіне,
Үнсіз, жинақ тек ұшу боп ниетімде,
Жүріп келе жататын білемін,
Мен де сондай бір ой ойлап аяндап.
Басқан сайын батыл аттап, адымдап,
Жұмысыма жеделдетіп келемін,
Тағы менің бақытыма жаңадан
Жырға оранған ойға сөз кеп оралған
Мені сақтап келе жатқанын көремін.
Түн қатқан бір жолаушы алыс жол жүріп,
Үрейленіп, көз жіберіп ойланып,—
Қарар әр үй әйнегіне кідіріп,
Бұрынғыдай тұр ма екен деп шам жанып.
Келе жататын түнге қалып кешіккен
Қоналқасыз тыныға алмай өзі де,—
Мен де сондай қарайым кеп есіктен
Көптен күткен сенің мөлдір көзіңе.
Бірақ, қанды соғыс сонша қытымыр,
Ұзақ жолдан қайта оралып қайтқан соң,—
Терезе, есік түгіл. Жерде еш те бір
Туып өскен үйіңді де таппайсың.
Қайтпай қалған даңқты ерлер дауылпаз,—
Секілденіп қалды ойымда ертегі,
Соларды айтқан бетінде адал ақ қағаз
Жырдың жалау желкілдеген желкені.
Осылайша күн артынан күн өтті,
Өмір өтіп жатты өзгермей қалпынан,
Тек, қызуы шарпып тұрған тым отты
Ет пен тері арасында ақты қан.
Сенің, Зоя, епті жұқа ерінің
Сұсты, ызалы, шапшаң ықшам жүрісің,
Дөңгеленіп көзі сәби иегіңнің
Салқын тартқан жарқын жүзің, күлісің.
Жауырының тарлау ғана жас, денең,—
Емессің ғой, өсіп әлі жетілген,
Бірақ, түртіп қызға тек тән кеудең
Шыт көйлекті төсіңнен сәл көтерген.
Сәулеленген көзің қарашығында
Көрініп тұр әлі сәби пікірің,
Қалай өшпек сол бір сәуле шынында,
Қалай ұшып түспек қалың кірпігің.
Қайтіп қана иілесің бүгіліп,
Пішініңді бұзбай өскен түзетіп,
Бір кезде анаң аймаларда үңіліп:
«Қалыпсың ғой дер, қызым - ау, бой жетіп».
Мүмкін, шуақ бір күні сен еркелеп,
Тұрған кезде тамылжытып май айы,
Шыққаныңда үйіңнен тез ентелеп
Көйлегіңнің көзді тартып аймағы.
Тұрса-дағы көйлегің мың түрленіп,
Шырмауықты безегі шын көзге ұнар,
«Күннен-күнге Зоя көркі гүлденіп
Бой жетті» деп көршілерің сөз қылар.
Жарқын жарық мектеп коридорынан
Сен бір жүріп өткеніңде айналып,
Жасы құрдас боз балалар жаныңнан
Қарайды саған көзін салып таңданып.
Не қыларға білмей толқып ұялып,
Бірге оқыған балалармен неше жыл,
Сан керісіп, сан келіскен оралып,
Міне енді
Тек, өте шығады қатпай.
Шашын кейде сылап қояды талдаған,
Жанында бір сыр бар сынды жасанған,
Бұрын, соңды
Әдетіңде болмаған.
Бұл ғұрыпқа түстің, сәулем, қашаннан?
Жоқ, ол оның —
Қылығы емес әдейі,—
Боз бала азап шексін деген түнімен,
Ойында жоқ, көрініп я әдемі
Көздің сұлу тартам деген нұрымен.
— Жанында оның нендей сыр бар?—
Білмеймін.
— Сұлу ма асқан?
— Дей алмаймын, демеймін.
Қандай болса, ондай болсын — менікі,
Ол алтыным,
Жан жарқыным
Мерейім.
Ол тағдырын сезген өзі жанынан
Құс мінезді қыз келбетті жүзінен,
Маңдайдағы тұлымының талынан
Иегінің сүйір көзінен.
(— Бақыт, шырқап азапқа кеп тоғысса,
Тұтқиылдан түйіні кеп тілектің,
Ащы дауыс шыққандай, шын қағысса,
Түйіскені алуан алып жүректің.
Сөз неден еді?
Жырынан ба еді орыстың?
Басталып па еді әңгімеден я түнде?
Я, ойдағы сырынан ба еді өрістің,
Бізден басқа білмейтін бір ешкім де.
Тілесең,
Ал, күлелік, я, жылалық.
Айқайлалық,
Я тұралық үндемей.
Сөз байладық.
Жүрегіме от жалғанып
Тапқам сені қараңғыда түн демей).
Ол — осылай,
Қалайынша сен бірақ?
Жүрегіңнің сырын терең байқамай,—
Өстің сәулем,—
Гүлін жарып жапырақ.
Жер жайнады жанарымен жазғы май.
Көп шөп кектеп ұйқысынан оянып,
Жаңғырығып жанданды ауа жалғанда,
Көктем ұзақ тұрды жазға таялып,
Сенің жасың он жетіге толғанда.
Күн көзінің сәулесіне оранып
Мұнар көктем тартып жердің тандырын
Тұрды өзгеше бір сұмдықты ойға алып
Бойына ұстап сиқырлы сыр тағдырын.
Бір зат болмақ.
Жақында ма?
Ал, бірақ,—
Гүл жарды ағаш Мәскеу бақша, бауында:
Ауа жайнап тұр тамылжып жарқырап,
Әлде сүйген ғашықтардың бағына.
Міне, осындай,
Түрде көргем Зояны
Жексенбі күн көзінде өткен тал түстің:
Кәрін төгіп дүрліктіріп ауаны
Исі мүңкіп бұрқ еткенде соғыстың.
Енді, міне дабыл қаққан майданнан,
Тек бір сағат дамылдасақ тыныш тым,
Жұрттың бәрі есіне алып ойланған
Ең алғашқы күнін қанды соғыстың.
Сәл нәрсенің бәрі ойға кеп іркіле,
Ойлап әркім, үйін, күйін
Мәскеуің,
Жеңдіріп жұрт ащы ызалы күлкіге
Білдірмеген болады жан көксеуін.
Не қылмақпыз?
Ойдағыға жетпедік,
Ойдағы жеткізбеді жұмысты,
Биыл сірә бұлай болар деп пе едік,
Кездестірдік атой салған ұрысты.
Біз мұңда
Өмір сүре берер ме ек?
Соғыс тіпті болмастай - ақ керуші ек.
Бейбіт күнде айтып, айтпай не керек,
Сәл нәрсе үшін күйіп-пісіп
Жүруші ек.
Не дегенмен біз ұжым боп достасып,
Бір-біріміз сүйісіп ек, сеніп ек,
Өкініш не?
Шалқып-ақ қол ұстасып
Тілегенше еркін өмір сүріп ек.
Бірақ, кенет,
Құйын тұрып
Минутта
Аямай-ақ дауыл ұрып пернені
Үзіп, жырды келтірместен жортаққа
Кернеп шыққан күйдің сазын
Күрмеді.
Қорғасынын бүркіп, дауыл қоршалар
Есік қақпай кірді әр үйге тіміскілеп,
Терезеге шимай салып тұмшалап
Аямай-ақ айғыздады кіре.
Көкте күн мен жерде қайың қайысып,
Өткен күнге тәжім етіп бұйырды,
Біздер көрсін дегендей - ақ танысып,
Қан майданда шимайланған қиырды.
Ұйқылы-ояу көзін ашып ояна,
Күн сәулесі терезеден түскенде,
Біз де ояна түрегелеміз ойлана...
Тыныштық жоқ екенін жер үстінде.
Тыныштық жоқ, үйдің терезесі де
Дірілдейді оқ кескендей жүректі,
Бұған дейін сүрдік өмір көсіле,
Енді жада басталып бір жол кетті.
Дүниенің барлығы да өзгеше
Үн бұзылған, тыныштық та сиқырлы,
Кешке таман үйден шығып өзінше
Қарасаң, жер құлазыған сықылды.
Тіпті, анау, бау-бақша да баяғы
Ойға батқан түнеріңкі күлмейді,
Мүлде өзгерген айналаның аймағы,
Ешкім әлі не боларын білмейді.
2 - б ө л і м
Тоғызыншы класта сен білемісің
Жүргеніңде сұр книжка алғансың,
Бір қалтада сақтап оны,— төлеуші еді
Әр ай сайын жиырма тиын жарнасын.
Біздер сонша еркін өстік ойламай,
Тұрмыс бұлай тез өзгеріп кетерін,
Ұмытып та кеттік кей кез аңдамай
Комсомол боп жүріп,— оның не екенін.
Өткен күннің бәрі айт пен той, бір думан,
Кең дүниенің шалқып өстік нұрымен,
Жас буындар жаққан отпен лаулаған
Таңнан тәтті салған шырқап жырымен.
Сіздер бейбіт шақта туып, о, бір күн
Ащы тұрмыс көрмедіңдер ертерек,
Комсомолдық дәстүріне өмірдің,—
Албырттанып соқты ер жеткен жас жүрек.
Соғыс жазы, түнгі дауыл мылқау күш,
Болатынын сезді жаның ұрпақтар,
Ойнап бітпей қалған ойын өкініш,
Онан бетер оқылмаған кітаптар.
Бір пайдасы тиер деп сен ерте-кеш,
Жазғаныңды жинайсың кеп жасырып,
Болар мүмкін тосыннан бір зор сынақ,
Сондай кезде қалмайын деп қысылып.
Аңсағанда есіңе алып жүрерсің
Жолдастарды, бірге отырған партаны...
Соның бәрін ойлайсың ба, сүйемісің?—
Бәрі айқын тұр қарасаң сен картаны.
Күн туды, енді тіл қататын берікті
Комсомолдық билет үшін серпіле,
Отан бүгін бізден сұрауға ерікті
Жауап бер деп уставтың әр әрпіне.
Көктен торлап бұлт бұрқанып қайдағы
Басқа түсті, қанды соғыс ойнағы.
Төлерміз біз комсомолдық жарнаны,—
Мүмкін, ыстық қанмен, жанмен бойдағы.
Жерді қаптай, жол соқтыға ұрынып
Күнге күйіп, шашын шаңнан ақ, шалған
Армиясы советтің —
Сәл шегініп,
Табанына тас тигендей шаршаған.
Өрмекшінің ауындай көк аясын
Шарлап қаздар түстікке ұшып самғады,
Тастады әскер Украина даласын,
Белорустың қалды артында орманы.
Қанша адам?
Бала-шаға?
Айта алмаймын қалғанын.
Өлімге бел буған білемісің,
Еске ал қанша ағып қанның тамғанын,
Қаның төккен жерге оралып келерсің.
Сұр шинельден шыққан мүңкіп тер исі,
Мұрын жарған қанды кешіп өткенде;
Әлде кімнің қорқа күлген күлкісі
Естіледі, аз табысқа жеткенге.
Ойлауға да жиіркенішті олар бір—
Жыбырлаған — әлде кімдер, боқтасып,
Неге ойлайсың?
Сәулетайым, берме сыр
Саған жүрген кісі емес ол жақтасып
Жоқ, ол тіпті, жандар емес қай күнде
Қуаттайтын советтің күш - қаруын,
Мұз төсеніп, қар жастанып майданда
Жан қиған ер емес олар, аруым.
Жоқ, тіпті олар жазып салған конверттен
Жандар емес суық сөзді есіткен,
Қаза тапқан қан майданда ерлікпен
Ерлер үшін, қаны қайнап өшіккен.
Олар емес Преснені қорғаған,
Я, Сібірге тастақ жолмен аттаған,
Орыс әнін есітіп, я, жылаған
Пушкин жырын дұғасында жаттаған.
Адам емес — олар мола, тегінде,
Шиқ-шиқ еткен содыр тышқан кескіні.
Жоқ, олардың Отаныңа,
Әні де,
Жоқ, олардың Ресейі, Пушкині.
Тыным таппай Зоя қаны қайнаған,
Бір қуарып,
Бір түнерген екпіндеп:
«Бір қиқу салуға іштен ойлаған
Жеңіс күшім көзге көрінсе екен деп».
Биылғы оқу жылының бұл басы еді,
Таңғы самал жұпар атқан бұрқырап;
Ауа құрғақ, лебінің сұм әсері,—
Желмен қағаз, шытырлаған жапырақ.
Тым өзгеше биыл оқу, сабақ та,
Бау-бақшада зениткелер орнаған.
Шықты Зоя үйден тоғыз сағатта
Қолына да кітап, қағаз алмаған.
Мен кермеген бүгін әзге жолың да
Жолдан бұру мектебің тұр ортада,
Райкомнан қолында алған жолдама
Комсомол қыз келе жатыр МК-ға.
Күзгі Мәскеу көрсең сұрғылт сияғын,
Ұйқы көрмей қатаңдық тұр жүзінде,
Шыдай алмай қарауға көз жұмамын,
Қала шеті шалынады көзіме.
Жан ұмытпас,
Жүрек сені тастамас,
Қайғылы ару
Секілді бой жасырмас,
Көзде әжімің,
Көзге түсіп кейде ақ шаш,
Кірпігіңнен үзілгендей ащы жас.
Бірге сүрген аңқып исі өмірдің
Зымырады шырқап ала тағы ұшты,
Жаңбыр түріп үйдің шатыр темірін
Әкеткендей екпінімен жел күшті.
Жұрт қимылда, Ел жұмыста, Түн қата,
Әр көше көз алдында түр біріндеп,
Бірақ, жұмсақ нәзік сырлы бір нота
Сен тұрған үй жақтан шығады дірілдеп.
Жанды әне сытырлап бау, тоғайың.
Оны сылап өсіріп еді қолыңмен,
Сонда, сәулем, сен қайда еді?
Жәбір көрген жандай ма ең?
Кім өксітті. Азапта ма еді?
Жылауда ма еді? Жоқ тіпті.
Бір-ақ түнде бой жетіп сен қалғандай,
Дайындалып, будың белді тым қатты,
Жұртты жолға жай шығарып салғандай,
Әскерлерге тұрдың бөліп жарақты.
Қалай іскер болып кеткен жып-жылдам.
Есептеулі көз қарасы, әр қимылы,
Жол бөгеліп, Көшеде олар қазылған,
Алаңдарда түр тас қамал құрулы.
Пресіне майданының суретін
Түсіргендей көз алдыда қайтадан,
Оған ұқсас өлең, жыр жоқ шертетін,
Мәскеу едің,
Емессің деп айта алма.
Кеше ғана тұрған балалар «мама» деп
Көзіміз көшесінде Мәскеудің,
Кеше ғана жүргеніміз бала деп
Бүгін толып ер жетіпті өскен тым.
Бұлар бағын таптатар ма ажалға
Дауға жерін бастырар ма Отанның,
Бірақ, әне, Звеноград
Можайда Қан майданы болды адам мен металдың.
Москвада жер жоқ қорған құрмаған,
Темір құрсап айналасын орлаған.
Жастарды МК отрядқа таңдаған.
Жерге сыймай жиналған жұрт андаған.
Кеп - кешегі ұлдар,
Қыздар дүрлігіп,
Толды толқып алтын халық төрінде,
Кабинетте отырды бір жас жігіт
Қырық бірінші жылдың октябрінде.
Өтіп жатты талай адам алдынан
Бетіне бір қарап жұртты айырды.
Кейбіреуі сөзсіз жарап алынған,
Кейбіреуін бірден кейін қайырды.
Кімнің қалай екенін ол тез сезіп,
Көргеннен-ақ ішкі сырын ұғынған,
Көз салғаннан бірінші рет кездесіп
Түсінетін бетінен - ақ құбылған.
Ол, адамды, жан-жағынан қарайтын,
Ашуынан, күлкісінен көзінің,
Жігер беріп, Желпіндіріп
Барлайтын
Мінезі еді қате кетпес өзінің.
Алғаш қарсы ап, шығарып сап соңынан
Кейі ұнамай,—
Кейбірі оның ұнайтын.
Сұрақ беріп кейбіріне ойынан
Сол сұрақпен өзін де өзін сынайтын.
Кейбіреуі дұрыс жауап бере алмай,
Асып-сасып қысылатын кезінде,
Жаны қайнап шыдап төзіп тұра алмай
Ұғындырып беретін өзі де.
Күңгірт күнді октябрьде,
Сұм неміс,
Қоршағанда Москваны жалынды,
Сен Шлепин,—
Едің ізгі коммунист,—
Жан-тәніңмен жаратылған айбынды.
Жауап берді түрегеліп қыз сұстана,
Қасын қағып, селт етпестен жүрегі,
— Фамилияң?—
— Космодемьянская,
—Атың?
—Зоя.
— Туған жылың,
— Жиырма үшінші
Жыл еді,
Отырды қыз,
Онан әрі оқта – тек,
Кабинетте отырған жан, тегінде:
Қыз жүзінде үрейлену жоқ па деп,
Бар ма өзгеріс деп қарады өңінде.
Сұраққа қыз, жауап берді қатыра,
— Жоқ саспайды.
— Қорықпайды, таймайды.
Риза боп сонда блокнотына
Жазды соңғы сөзін деген:—
«Жарайды».
Сезді ме, әлде сезбеді ме, өңінен,
Қыздың ойнап тұрған нұрын бетінің:
Бұл туралы қателескен жоқсың, сен,—
Секретары Мәскеу комитетінің.
Өртенді орман ыстық шоғын шашқанда
Жаңбыр жауып сөндірді оның алаңын.
Күз көтерді жеткізе әне аспанға
Ылғал тартқан өзінің сұр жалауын.
Ылғал болсын, жанып жалын шашады
Алауланып күз жалауы батыстан;
Емес бұл күн батардағы шапағы,
Ол — майданның өрті от шашып атысқан.
Осы күзді,
Естен мәңгі шығарма,
Қоңырсы исі ылғалды ауа мүңкіген,
Істен шығып жол быт-шыт боп қираған
Шегінетін жерде батпақ кілкіген.
Ән шырқауға?
Қоя тұршы ондайды...
Жігіттерге айтармын бұл ойранды...
Кеудеде ыстық жүрек аттай тулайды
Тұла бойда жастық қаны қайнайды.
Қандай тыныш тынған әлем құшуға,
Селт етпестен тынған қайың қарағай,
Әттең, жалғыз, қанатым жоқ ұшуға,
Анама ұшып бір көрінсем аймалай.
Ана, ана,
Қандай ем мен жан анам?
Нәзік болған бұрын болармын.
Әне өрт сөнді.
Мен өзге боп ораламын,
Мен ораламын,
Мүмкін, осы қарлы түнде қалармын;
Табам серік жаны ыстық,
Көрсетермін сендірерлік өзімді...
Тына - тыныш, басты әлемді тыныштық,
Сен отырсың құшақтап тек тізеңді.
Сен жалғызсың.
Ауа қандай тып-тыныш.
Тыныштыққа сенбе, тыңда, қарағым.
Сондай тыныш... Естіледі бар дыбыс
Естісін
Ел мен
Майдан алабын.
Жау естімес естисің сен сыбысты,
Осы түннің кең қанатын жамылып,
Сықырлаған қар үстінде бұл қысты
Қарсы алып ат жүгін тартқан сабылып.
Арасымен қалың қайың қарағай,
Майдан төрін кесіп өтіп,- көп атқа
Азық-түлік тиеп, оққа қарамай
Тасып бара жатыр Ленинградқа.
Бұл тасыған айлап жұрттың көмегі
Қайтпай келеді оқ пен оттың лебінен,
Ленинград саған орыс жүрегі,
Алып ұшқан бұзып неміс шебінен.
Төземіз бе, сізге көмек қол бермей,
Жібереміз нан, май, етті теңдеген.
Тұр осы күн жауған оққа бой бермей,
Бұл қала,—
Сен әлі күнгі көрмеген.
Оғы астында жаудың Батарейінің,
Айтсам ба екен тұрғанын бұл қаланың.
Жетім сәби,
Жесір шешелерінің
Сақтағанын жанын жетім баланың.
Жұрт түсінген ардақты етіп атаған
Не екенін терең сырлы өмірдің,
Сол өмірді сақтау үшін жақтаған,
Керегіне жараған соң елінің.
Соның үшін аямау жан, денені,
Сол өмірдің шықпауға дәл ішінен
Алысқан ер өсе берсін мерейі,
Түсінесің бе, соны, Зоя?
«Түсінем. Бәрін ұғам,
Ертең жауға тиемін,
Мені аңғармайды,
Ұстай алмайды,
Білемін.
Ленинград,
Саған көмек беремін!
Әмір етші!
Мен орындай беремін»
Жаның менен жалғасқандай жалыны
Жүрегіңмен бөлек соқпай
Еш уақытта,
Тоғысып түр жерді жара дабылы
Малаховтың шыңы Кронштадтқа
Көтеріліп кек ала бұлт желкені
Қайғысы мен тоғысты адам бұл кезде,
Орыс атқан көк қарудың күшті үні,
Ақ балтықтан жеткен Қара теңізге
Севастополь.
Бұл туралы не дермін,
Тоғыз қабат толқынды ұрған кезінде,—
Жер кемерін көрді алды кеменің
Бұл қаланы
Көрген жоқсың өзің де.
Жұрт жағаға шықты.
Су да дем алды.
Батырлық не?
Түсінесің бе ісінен.
Севастополь...
Үндемелік.
Не болды,
Түсінесің бе, тірі еді ол.
«Түсінем.
Түсінемін.
Ертең өртеп көремін
Бұйрыққа тән ат қорасын, көмбесін.
Севастополь, саған көкем беремін!
Сені, мені жаудың көзі көрмесін!»
Жаудың көзі көрмейді дейсің?
— Көрсе ше?
Көріп қалса?
Не қылмақсың?
Не болмақ?
Тыныштыққа батқан дала белшесі.
Орынынан жауабын қыз тұрды ойлап.
Жапан түзде бір жауынгер оққа ұшқан...
Қайғы басқан оның зарлы анасын.
Сүйретіліп әкесі де жер құшқан,
Аймалайды ана жетім баласын.
Есітілген саған барлық қайғы мұң,
Саған мәлім не күйде тұр елің,
«Дос-жарандар, мен көмекке дайынмын,
Орындаймын!
Маған әмір беріңіз.»
Дала тыныш, жоқ, бір дыбыс, я бір үн.
Аяз.
Сұсты,
Қар да еріп
Кетпейді.
Шешіліп тұр ертеңгі зор тағдырың,
Айтуға тіл,
Үндеуге үнім
Жетпейді.
3 - Б Ө Л І М
Қараңғы кеш шағылысып ақ қарға,
Күртік басқан жолды, жонды, төбені,
Жұпар аңқып жып-жылы үйде жатқанда
Тыныс алған, жиі, орыс селені.
Әу, жолаушы, жылы орынға мойын бұр,
Сыңсып өскен кетпе орманнан адасып.
Жапырақтар да қардан алқа тағып тұр,
Ай сәулесі шағылысқан қарасып.
Мейман етіп қарсы аламыз қондырып,
Төрден орын әзірлейміз түскізіп,
Жылытамыз қою шайға қандырып,
Тойдырамыз қаймақты сүт ішкізіп.
Шарпуына ұшырамай тал түстің
Кешін үйде жайлы отыру қонаққа,
Жанға рахат сый-құрметі орыстың
Неге бойды салаңыз аулаққа?
Бұрынғыша ыстық жалын шашуда
Қызарғанша қыздырылған тұр пештен.
Қайнап тұрған самаурынның қасында,
Бір жат тілде үн шығады сөйлескен.
Үстеріне қанды ай қызды тон киген,
Ажал исі мүңкиді ыңғай айуаннан.
Мұрын жарады адам қаны өлтірген
Шақырусыз келген осы мейманнан.
Жоламаңыз бұл зымиян жандарға
Қауыпты жер,— баспаңыз бұл араны,
Бой сақтаңыз қарлы дала, орманға,—
Езгі өткінші — жолаушы орыс адамы.
Үй үстіне келе жатырсын сен төніп,
Басқа жақ қ а жалтар шапшаң бұрылып.
Бұл жерде жұрт тұрған бұрын ел болып,
Бұл жерді енді аң жайлады ін қылып.
Бұрын жұрт ек шалқып тұрған сән - салты
Тақыр жердей тақырландық бұл күнде.
Тәптештеуге ыңғай
Неміс солдаты
Әкелді әне, бір адамды іңірде.
Тілдері жат иттей үрген абалап,
Ұстап алып бір қызды әне кірді үйге.
Шолақ тонын шешті үстінен қамалап,
Пеш жағып жай жалғыз кемпір жүр үйде.
Аяғынан тартып алып етігін,
Көйлегін де шешті үстінен жалаңаш;
Тіміскілеп бастады иттер тінтуін,
Жалақтаған аңдар жанды аямас.
Пеш үстінде жас балалар құнысқан,
Көріп жатыр демін де іштен алу мұң.
Соқпай жүрек, тұра тұршы, тыныштан.
Жау білмесін қағылғанын дабылдың.
Тастай қатып, айнымай қыз айбары
Нәзік қолы, түйсініп тік иығы,
Үстінде тек қалды сырмақ шалбары.
Үйден киген кофтасымен бұрынғы.
Жалт еткенде алдында ойнап көзінің
Тұр күрті мамасының жамауы,
Көзі үйреніп, тері сіңген өзінің
Көйлегінде түймесінің қадауы.
Киіп жүрген көйлек түгіл өзіңді
Аямастан майданына соғыстың
Әкеліп ең, көйлегіңді, жүзіңді,
Көрсін, мейлі, солдаттары немістің.
Орнықтыра отырды да орнында
Офицер,
Тез алып жайды қағазын.
Қаз қалпында тұрсың оның алдында
Сүліктей боп
Орыс қызы
Тап өзің.
Бұл түс емес, өңдегідей шыны осы,
Тергеуге алды, тапжылдырмай жас жанды.
Толқып кетті сәулетайдың денесі,
Жауап берді меңіреу сұрақ басталды.
— Жауап қат?
— Мен түк білмеймін «шынында»
Барым осы.
Бітті ақырғы кезегім.
Жоқ, біткен жоқ. Қиыны әлі алдында.
Қоршаған жау,
Жауынгермін — мен өзім.
— Тез жауап бер! Әйтпесе сен өлесің.
Деп тергеуші мас күйінде құтырына,
— Атың кім? деп жақын келді ұмтыла,
Жауап қатты:
— Атым менің Татьяна.
Шынын айтсам, Жанға жақын тартымды
Маған жақын боп көріндің айтайын,
Неге десең, қиын кезде атыңды,
Сәбиімнің атыменен атадың.
Нәзік бойлы, қара торы қарағым,
Екеумізді. айырды. Өмір, жандасқан,
Апарыпты сені алыс,— шырағым,
Селеніне татардың бір шаң басқан.
Маған қиын.
Тек жаманат болмасын.
Айтшы жаным, онда қалай тұрасың,
Мысықпен де,
Қуыршақпен ойнайсың
Асыр салып ойнап, ән де саласың.
Нөсер құйып Москвада, далада
Жаңбыр жауып қара бұлтпен қармалас,
Екеуміздің арамызда ауада
Жел гулейді аңсауыммен аралас.
Бірге жүрмей екеуімізге не болды,
Жалпақ майдан жайды енін іргенің,
Қан майданда әкең шәйт боп өлді,
Бұл жалғанда,
Мен — сенімен біргемін.
Екі айрылып екеумізге не болған?
Біздің тағдыр қалай болып шешілмек?
Жел түнеріп қаһарлы аспан дем алған,
Тұр тыныштық күтіп жауап берсін деп.
Зениткалар оқ кезегенде аспанға,
Жау алдында тастай болып қатумен
Тіл қатпастан қыз түр болмай қысқанға
Атын атап, сенің сәулем... атыңмен.
Отан,
Сенен басқа менің жолым жоқ,
Төнген сенің қаққан дабыл төбеңнен
Бар жарақат, жанындағы жалынды от
Өтсін мейлі менің оқ боп денемнен.
Бар қайғыңды мен алайын шеріңмен,
Көтерейін ауыр мал көзіңді,
Бойда қаным ақсын сенің деміңмен
Қызым,
Тоқта,
Жібер менің өзімді.
Бәрі дұрыс, мені сәулем ғафу ет!
Сен ескен соң сөйлесерміз біз шырақ.
Оспаққа да, қыспаққа да жалынды от
Жанып кетпей, жан жүрегі жалын боп,
Сеніменен аттас бір қыз тұр шыдап.
Сенекке алып кетті анасы балаларды,
Онда тышқан капуста жейді күнде де,
— Анау, анау қызды неге сабайды?
— Шындық үшін! Үндеме, үндеме...
— Апатай - ау, қарашы әне, қарашы!
Көйлегіне қан жұққан ба, немене...
Қорқынышты, аяулы көз қарасы,—
— Қойшы, қызым, үндеме, үндеме...
— Апатай - ау, өзі неге үндемейді!
Селт етпейтін денесі әлде темір ме?
Тірі болса әлде қашан үндер еді.
— Қойшы, қызым, үндеме, үндеме...
— Апатай - ау, болса егер өлтірмек,
Өлтіре ме шындықты да сонымен?
Шындық олар өлтіре алмайды, өлтірмейді.
Қалтырамай,. тыңда, қызым, мені сен.
Тыңда мені,
Жетті жасың он бірге.
Жыламаса ол, ауырмалдық түсті деп,—
Шыдағына жауға ырық бермеуге,
Өлсе-дағы.
Берілмесе
Болғаны —
Ажалдан да шындығы оның күштірек.
Біткен күшпен барлық адам бойында
Саған көмек беру менің ниетім.
Қалу үшін сенің мәңгі ойыңда
Қан сасыған осы сұмдық қара түн,
Зоя қыздың күшінде, еш таймаған
Шын, шарқ ұрып сенің қаның қайнаған,
Қақса екен деп тілер едім қанатын.
Сен бой жетіп, үлкен болып өскенде
Жас жүрегің қызуырақ соғатын
Жан жалының ырық бермей ешкімге,
Зоя есінде қалса екен тек болатын.
Су деген зат болушы ма еді дүниеде?
Оны ішпеген шығарсың сен өмірде,
Көктей мөлдір
Суды ішіп
Сен көрдің бе?
Дәмі балдай тимеуші ме еді ерінге?
Тілмен жалмап, ерініңмен емеріп
Жұтқанда су жүрегіңе тимей ме?
Қаның кеуіп шөлдегенде
Ыстықтан —
Су ішу қандай ойлап көрші!
Тұра тұр.
Су ішуге жарар еді
Стакан,—
Стаканда тамшы су жоқ құрғақ тұр.
Суды болады қолмен де ұрттап ішуге,
Аңсар едік өзеннен су алғанша,
Болар еді көлшікке аунап түсуге,
Жатып суды,
Ішіп суды,
Қанғанша.
Көрген түстей,
Көріп бақыт тапқандай.
Суды жұтса — орыс әнін салғандай,
Айдын көлдің желінен дем алғандай,
Елестейді салқын бұлақ аққандай.
«Су жұтқыз»
Деп шаршаған қыз сусады,
«Су тамыз»
Шамның ыстық пияласын ерніне
Деп құрғақсыған тіліне
Әлсіреген қыз тілек қып шаршады.
Шамның ыстық жанған отын ерніне
Су орнына неміс әкеп басады.
Сәби ерні,—
Құрғақ қызыл шоқтан да,
Қарайыпты орныңдай жаққан от.
Көп болған жоқ алғаш тілі шыққанда:
«Мама»
Деген сөзді
Шаққа айтқан еді.
Түсінде ән сап, қозғалғандай сәл ғана,
Толқытқандай бір ғажайып ертегі,
Жазғы жеміс бояуына бояла,
Жолдас қызын ертегімен ертеді.
Сәби ерні,
Шоқтай көзің түскенде,
Қызға біткен жарастықты жалынды еді,
Әлі ерні тиген жоқ еді ешкімге
Сөзді айтпаған:
«Сүйемін»
Я, «Жаным» деп
Кішкене аузы, берік қанды пешеттей
Ғұламалы білім кілтін ұғынған
Қорықпауды,
Жек көруді
Селт етпей,—
Кекке толып, өлсе де үнсіз жұмылған.
Сәби ерні
Қып-қызыл шоқ түріндей,
Шөлдегеннен ұқсайды отқа қақтаған,
Сол еріні,
Қимылсыз - ақ,
Күбірлей
Жауынгерлік анттың сөзін жаттаған.
Татьяна қысса да жау сені өңшең
Көзіңе жас алмадың сен жалғыз да,
Жалаң аяқ қысты күні көйлекшең
Зоя қызды тоңдырды ұстап аязға.
Құстай ұшып шықты тысқа жалт етіп,
Жау, Зояға ақырып ым қаққанда,
Көлеңкесі түсіп тұрды қалт етіп
Ай сәулесі шағылысқан ақ қарға.
Түсінде емес, болған іс бұл өңінде,
Бізсіз жалғыз тұрды Зоя ойланып,
Біз қайда едік?
Болдық үйде не күйде?
Сол сағатта тұрдың қалай дем алып?
Сол бір жерде,
Сол аспанның астында
Басқа қырдың астында тек сол жерде.
Бұл керемет төзіп сұмдық тасқында
Тұрған
— Зоя, сенсің бе, әлде басқа ма?
Ұйпалақтап тастапты қар салқында
— Қорықпаңыз,
Қысқа ғана қойған шашын қиылған,
— Бұл — мен? Бәрі қалпында:
Үндемедім. Бітті сұрақ қойылған.
Бас имеу серт салса - дағы азапқа,
Болсын соны
Көзіменен көргендей
Күндізгідей
Ісіңді орыс селені
Декабрьдің айлы түні төнгендей
Түтін исі тұр шығып жел күбірлей.
Қардан биік көтеріліп қараңдап,
Алға қарай ұмтылғандай үңіліп,
Жалаң аяқ ақырғы рет адымдап
Мәңгі өлмеске қыз келеді жүгіріп.
Пеш суынған, түтіндеп шам жанып тұр,
Ұйықтап қалғып кеттің бе әлде жан досым?
Қарашы, бір көрінді өзен мөп-мөлдір,
Тіп-тік жарлы көрдің бе, өзен жағасын.
Марусяға сұп-сұр қаздар жүзумен
Келеді ағып қанаттары суылдап...
Маруся жан суға түсті тізеден
Табаны оның қыза түседі дуылдап...
Қайтыңдар, қаз. Суды лайлап немене,
Сендерді үйге алып кетсін, бағады
Бала күнгі әннен неміс зәріне
Жеткенше бір кекшіл өзен ағады.
Көк өзенге қараймын деп алаңдап
Кенет құлап кетті ұшып еңкейіп.
Жасыл өзен жанды өртеніп жалындап,
Жанды, әне, барлығы да өртеніп.
Маған көмек беріңдер, ал келіңдер,
Мені өртеуге ашты араның аналар,
Қақ дабылды, дабыл қағын көріңдер,
Өрттен мені сақтап аман қалыңдар!
Тәптештей ме?
Ит үре ме, абалап?
Араласып кетті бәрі шатасып,
Қызға селен өртенгендей жалындап
Айналаны кеткендей тұр от басып.
Бірер минут,
Қалды.
Жау жан таласып
Тимек соққы қас қаққанша маңдайдан.
Тез болса екен,
Не болса да табанда,
Көрмеске енді еш уақытта жау маңын.
Ешбір бұйрық күтпестен – ақ алаңда
Қыз ұмтылып басты ақырғы қадамын.
Сескенбестен көтерілді дарына
Қадам бастың,
Алға ұмтылып
Өлімге,
Немістердің солдаты тұр жанында,
Көрді орыстың деревнясы,
Елің де,
Деревня қарлы аязда түр тегі...
Түтін түтеп... қар басқан жол ашылған,
Жәшікті әне сұм фашистің етігі
Қақты қыздың аяғының астынан.
Өрте мені өзге жанның азабы,
Өз қайғыма айнал сен зарыммен,
Жазғым келеді менің осы Зояны
Тұншықсам деп бірге соның қанымен.
Жазғым келеді Зояны мен бас салып,
Алса екен деп демін Зоя бала қыз,
Қатса екен деп жаны жауға тас болып
Мейірімді даңқты орыс анамыз.
Қайғыланып сол анамыз бұзып түс
Жыламаса екен деп ем жас төгіп,
Өшпенділік — сөз ғана емес,
Ол — зор іс.
Ол, мүлтіксіз атылады оқ болып.
Танымайтын қызды, ойландым жазғанда,
Болса екен деп қызы алуан ананың,
Зояны еске алыңдар, қан майданға
Шығарарда тілеп жолын балаңның.
Жазғым келеді мен Зояны баяндап,
Оқығанға білінсін деп көріне,
Қардан салған жолмен өзі аяңдап
Бара жатқандай қыз дұшпанның шебіне.
Гранатты шинеліне жасырып,
Алған қыздың аманаты анық - ақ,
Мүмкін, неміс солдаттары асығып,
Әлде тұр ма, түрлі азабын дайындап.
Міндетіңді ұқтың ба деп арынан
Сұрап еді:
Ұқтым деді,—
Ар,— дұрыс,
Зоя сауға сұрамады жауынан
Өшпенділік — сөз ғана емес, ол — шын күш,
Шын тек көріп көрсете алу жауға сұс.
Қанды алаңда майдандасқан шағында,
Батыр орыс, қайда жүрсең тайынбай,
Осы қызды есіңнен еш шығарма,
Жан-тәніңмен сүйген ғашық жарыңдай.
Жас тамшысын білемісің деп жанарын
Жауынгерлік өткір көзің мөлтілдеп,
Күйін жазғым келіп еді Зояның,
Алған беттен шегінбесең екен деп.
Неге десең, ерлігі оның таймаған
Болашаққа көз қадаған көрінген,
Бір қадам да басса жеңіске арнаған
Алға ұмтылған,
Емес артқа шегінген.
Жеңіс үшін,
— Бір қадам да көп нәрсе,
Осыны ойлан, саған кезек келгенде;
Жауапкер бол ойға салып екше де,
Бір адым да басып алға көрдің бе?
Жақын - жараң жолдастарың қаулаған,
Сыналғандар тұсында бұл соғыстың
Жеңіс үшін басса да алға бір қадам,
Қысқартқаны күнін ұлы жеңістің.
Шегінуге жол жоқ артқа айбарлы,
Кәріңді шаш қимылда, сен майданда.
Менің жазғым келіп еді Зояны,
Ұлы Отанның бейнесі етіп толғауға,
Ойын - қырын, майданның сай-салалы
Кезсін деп қыз тайынбастан құлшынып,
Менің жазғым келіп еді Зояны,
Бірге онымен кеткім келіп тұншығып.
Сен қылғынып жатқанында, шырағым,
Мойныңнан кескем жіпті келгем де,
Соның үшін өлмей қалған шығармын,
Сен өлмесін деп жазатын өлеңде.
Сақтап Зоя сүгіретін көзге елес,
Мәңгі-бақи шығармаспын ойымнан
Қыз денесі, өлі де емес, тірі емес,—
Жатыр қарда мрамрдан құйылған.
Нәзік мойнын кендір қиып кеткендей,
Жатса да тұр, әлпетінде таң нұры,
Сұлулана сүйген жарын күткендей
Оттай жанған қыздың ішкі жан сыры.
Күте алмадық жарды, қыз қар киінген
Ол, батысқа тартпақ, шинель үстінде
Мүмкін - ол да алыс болмас бұл жерден
Ақ қар қатқан қыздың аппақ төсінде.
Өшпес күш пен күшсіздік бір ағайын,
Сен суық, мені қайғың күйдірген,
Әлпетің жас аналықты білмеген:
Ыстық ерні балғын сәби баланың
Анарыңның ұшына әлі тимеген.
Қар үстінде сен жатырсың,
Біз үшін көп істедің,
Пәк жүзіңмен елге мойын бұруға,
Құрсанған көк қару үшін күштедің,
Езгі өмірге ер жауынгер болуға.
Біздің шындық туымыз бұл күші асқан,
Өле біліп шыққан шыңға шарқ ұрып,
Үстіменен қабырыңның қар басқан
Батысқа әне, тартты ауыр қол сап құрып.
ЭПИЛОГ
ЖЫР ТҮЙІНІ
Ел соғысты есіткенде шулаған,
Алас ұрған
Алғашқы күн болатын;
Әлі есімде сол күні-ақ мен ойлағам
Жеңіс күнін Ұлы Отанға туатын.
Қандай болар екен сол бір ұлы күн?
Күн шуақты жаз тұрар қаз қалпында,
Гүлі жайнап біздің сүйген қаланың
Электр шам сәуле шашып шалқуда.
Сан самолет ұшып Мәскеу үстінен
Қала тұрар бір ғажайып түрге еніп,
Біз жүрерміз еркін Тверскиймен
Музыкалы әнмен, гүлмен тербеліп.
Күліп, ойнап сайран салып жүрерміз
Құшақтасып соққанда жан самалы,
Үйге қайтып келіп,
Аман көрерміз
Ана - інілі, болып әке балалы.
Соғыс бітті.
Фашизм жоқ жиһанда.
Кел, балаша сайрандалық ән шырқай.
Бір жыл,—
Күнге,
Яки, татып,— он жылға,
Қас қаққанша өтті бейне ғасырдай.
Шегінген жыл, төгілген қан орасан,
Кеп жоғалттық
Азапты өлшеп болмастай,
Еске алып өткенге бір қарасаң,
Сонау қиын, ақылға да сыймас.
Көбіміз жоқ,
Тауып болмас моласын,
Тауып оған .қойып болмас ескерткіш,
Біз тіріміз, күш жетті,— жоқ таласың:
Көз жеткісіз болды біздің өскен күш.
Өзімізден басым екен күшіміз,
Мызғымас біз күшті болып құралдық.
Досқа досша, қасқа қасша ісіміз,—
Біз шыдадық,
Табан тіреп
Тұралдық.
Біз шыдаймыз.
Өтті төзген жылымыз,
Қайсымыздың шашымызға ақ түсті,
Ешнәрсе емес!
Туып күні
Жеңістің.
Тұрған кезде орнында ой, сөзіміз
Шыққанда тек «аттан!» деген команда:
Келсе әзірге өлмей тірі болғымыз
Көзімізбен көреміз біз сол күнді.
Күн де шығар, шашар шаршап таң арай,
Оттай ыстық алған демге қарыла,
Туар жанып, біз еске алған жыламай
Өлгендердің жерден аққан қанына.
Жыламаймыз,
түтеп тұр тым кек түтін,
Сәулесін де шашыратқан күн сирек...
Бұл туатын,
Күн туатын
Өзге тым
Өткен жазғы күңдерден де өзгерек.
Тусын елге тыныштықтың таң нұры,
Құрғақ сөзсіз
Айғайсыз
Парадтың,
Бүгін жердің шешіліп тұр тағдыры
Өлеңнің де керегі жоқ,
Еш заттың.
Аяқ жылытып, шешіп тастап етікті
Тамақ ішіп, жуынып бір дем алып...
Төзе алмаспыз үйде отырып біз тіпті,
Қалай дағы, бас қосармыз жиналып.
Бар дауыспен қосылып біз айтармыз,
Жайлы сазын
Орысқа тән
Әсем ән,
Түрегеліп үндеместен, Жұтармыз
Өлген достар үшін соғып кеседен.
Осы күнге қиған олар жан күшін,
Терезенің жабынын біз ашқанда:
Өлгендердің құрметі үшін жағылсын
Шам шырағы жайнап өмір аспанға.
Күле, жылай біз шығармыз сайрандап,
Талғамастан
Көшеменен кез келген,
Көрісерміз кез келгенді аймалап,
Шын таныстар аз кездесер іздеген.
Дос,
Құрдасым,
Көрші - келеді
Ал енді,
Еңбек үшін бұл күн — бізге сый тартқан,
Соғыс бітті. Фашизм жоқ әлемде,
Өлген достар құрметі үшін
Кел шаттан.
Күн жайнасын,
Жер құлпырып гүлденсін,
Сөйленсін сөз, түн ортасы ауғанша,
Туады тағы думан жеңіс күннен соң
Дүрілдетіп қимылдар бір, күн сонша.
Балға ұрылып, соғып мотор жүрегі,
Шеберлер де өз ісіңе оралған,
Темір қиған болатты ұстап жүреді,
Құрыш құрал мүлт кетпейді қолынан.
Жауды талай өлтірген,
Ол,— жауынгер,
Балуан қолмен мылтықты да толғаған.
Алмас асап неге — ұстаған бұл зергер?
Неге сонша құрыш тасты таңдаған?
Үйін, күйін тастап тыныш жұмысын,
Мыңмен бірге күрескен ол қиында,
Шын туайтта шынықтырып қол күшін
Жеңіс кілтін гранаттан құюға.
Сонша алысқа көз тастаған пішінің
Көзге қанық болмаса да
Өзі алып,
Біз танимыз Зояның шын мүсінін
Жатқан мәңгі
Келбетінен
Ғажайып.
Москва, июль, сентябрь 1942 ж.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі