Мен әлемді көрмеймін сен сияқты – Данияр Жігітбек

Бұл бетте «Мен әлемді көрмеймін сен сияқты» атты Данияр Жігітбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2022
  • 0
  • 1
  • 7313
Мен әлемді көрмеймін сен сияқты,
Сен әлемді көрмейсің мен сияқты.
Бірімізді біріміз түсінбеудің
Себебі сол сияқты.

Бай емеспін сезімге сен сияқты,
Бай емессің төзімге мен сияқты.
Бірімізді біріміз түсінбеудің
Себебі сол сияқты.

Сенің көзің суалмас көл сияқты,
Менің сөзім қуарған шөл сияқты.
Бірімізді біріміз түсінбеудің
Себебі сол сияқты.

Ешкім мені сүйе алмас сен сияқты,
Ешкім сені сүйе алмас мен сияқты.
Біз екеуміз айтқызбай түсінетін
Жалғыз-ақ сол сияқты.


Пікірлер (1)

Сара

Өте күшті өлең екен!!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен әлемді көрмеймін сен сияқты өлеңінің авторы кім?

Данияр Жігітбек — осы өлеңнің авторы.

Мен әлемді көрмеймін сен сияқты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен әлемді көрмеймін сен сияқты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Данияр Жігітбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен әлемді көрмеймін сен сияқты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері