1861 – Тайыр Жароков

Бұл бетте «1861» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 923
Жыл-жыл сайын күш азайып қарауға,
Ақыл жалқау тартып, қаным салқындап.
Туған елім, барармын мен молаға,
Көрмей туған күніңді еркін жарқылдап.
Тілер едім өліп бара жатсам да,
Көруге еркін тұрғаныңды жолдағы,
Гүл далаға диханшың дән шашқанда,
Нұрын шашып туған күніңді алдағы:
Есіп желі туып-өскен селеннің,
Аңқып шаттық жеткізсе екен хабарын,
Қаны қозбай тұрған жайлы елімнің
Көрсем көзден тыйған жасын адамның.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері