Дос емес, дос сыртынан жамандаса – Серәлі Еруәліұлы

Бұл бетте «Дос емес, дос сыртынан жамандаса» атты Серәлі Еруәліұлы жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 12.12.2015
  • 0
  • 1
  • 11934
Дос емес, дос сыртынан жамандаса,
Несі дос, бір қатесін жаба алмаса?
Дұшпан шіркін сыртыңнан не демейді,
Қауіп етіп бір адамнан ұялмаса.
Дос емес, достың сөзін бөтен десе,
Достықтан бір өкпемен кетем десе.
Арадан неғып достық табылады,
Саған да бір іс тауып етем десе.
Дос емес, достың сөзін көтермесе,
Салған жерден түбіңе жетем десе.
Не қылып дос атына қосылады,
Көтермей бір сөзіңді, бүйтем десе.
Нағыз дос бір-біріне тарылмайды,
Жуырда түрткеніне жарылмайды.
Жақсы-жаман айтты деп елемейді,
Бақ-дәулет сол адамнан арылмайды.
Нағыз дос бір-біріне елең болмас,
Өкпені қауіп іздеп тізген болмас.
Ондай өкпе болса да өткізеді,
Бір-бірі шын достыққа келген жолдас.
Нағыз дос бірін бірі жамандамас,
Араға көп өкпе сап табандамас.
Көңілі татулықты іздеп тұрар,
Жөніне татулықтың шабандамас.
Жақсының әрбір сөзін қайырмаңыз,
Жасыған жездей қылып майырмаңыз.
Сыр алмаған біреумен дос болам деп,
Сыр алған досыңыздан айрылмаңыз.


Пікірлер (1)

аружан

осы өлеңнің мағнасын айтып бересізбе

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дос емес, дос сыртынан жамандаса өлеңінің авторы кім?

Серәлі Еруәліұлы — осы өлеңнің авторы.

Дос емес, дос сыртынан жамандаса өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дос емес, дос сыртынан жамандаса өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Дос емес, дос сыртынан жамандаса өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері