Қырғыз аулында – Сәкен Сейфуллин

Бұл бетте «Қырғыз аулында» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.07.2022
  • 0
  • 1
  • 2185
Несіне ақын сырын жасырады?
Несіне жан сүймеске ол бас ұрады?...
Мінеки сүйген елін құрметпен ол,
Көтеріп төбесіне асырады!
Жаңарған қырғыз аулы шат тұрмысты,—
Шаттанып кеніл соған тасынады.
Ардақты анасындай көрген елді
Жыр қылмай қайтып мауқың басылады!..
Советті ел! Маған бәрің бауырлассың!
Бәрің де бір мақсұтты қауымдассың.
Барсам да қай жеріңе,— сағынғандай
Қуанып құшақ жайған ауылдассың!
Сияқты туған аулым, туған жерім,
Құшақтап аунап өскен, тамған терім.
Бұл ауыл, мына жерде туғанымдай,—
Тамаша таң боларлық ғажап керім!..
Қуанып үлкен-кіші дардақтасып,
Қарсы алып, қасиеттеп ардақтасып,
Боз үйге кілем төсеп, ішін безеп,
Мінеки, — «қош келдің!», — дейді есік ашып.
Емес бұл ұлықтарға жағынғандай,
Немесе, мақтан үшін ағылғандай.
Бәрі де туысқанша толғанады,
Талайдан күтіп сені сағынғандай...
Сөз емес, алдыма әкеп бал салғаны,
Сөз емес алдыма айдап мал салғаны,—
Өлшеусіз қасиетті жаңа сипат,
Ер елдің шын ұлындай қарсы алғаны!..

1936 жыл, қараша.
«Кенеш» колхозы, Қант ауданы, Қырғызстан.


Пікірлер (1)

Адоль ф Гитлкр

Кушти емес

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қырғыз аулында өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Қырғыз аулында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қырғыз аулында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қырғыз аулында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері