Келіншектің бесік жыры – Сәкен Сейфуллин

Бұл бетте «Келіншектің бесік жыры» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2022
  • 0
  • 0
  • 3282
Әлди-әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем!
Жылама бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Көк ала иттің құйрығын
Жіпке тағып берейін!
Әлди-әлди, жанашым!
Алдыма алып шабайын,
Тойға кеткен әкеңді
Қайдан іздеп табайын.
Әлди-әлди, аппағым!
Жылама, менің жүрегім,
Әкең малда тұр шығар
Таяныш қып күрегін.
Әлди, менің бөбегім,
Әкең жүр ғой малменен!
Жүрген шығар алысып
Шұнақ аяз қарменен.
Қартайғанда күтетін
Әкесі мен шешесін,
Қандай жігіт ескенде
Болар екен бөпешім?
Өңкей біздей зарлыға,
Кемдіктегі жарлыға, 
Жаным менің ер жетіп
Көсем болар ма екенсің?
Тақылдаған таңдайы,
Кере қарыс маңдайы.
Алмас тілді немесе,
Шешен болар ма екенсің?
Бұлбұлдай боп тілінен
Тәтті айтқанда бал тамған,
Ащы айтқанда қан тамған
Ақын болар ма екенсің?
Не болмаса жүректі,
Күш-қайратты, білекті,
Кемшілікке көнбейтін
Батыр болар ма екенсің?
Омырауы есіктей,
Ақ балтыры бесіктей,
Егінші боп, өзгеге
Нұсқа болар ма екенсің?
Отқа темір қайнатқан,
Пұт балғаны ойнатқан,
Нанша илейтін темірді
Ұста болар ма екенсің?
Не болмаса жұмыскер,
Не өнерлі мініскер,
Саусақтары сүйріктей
Зергер болар ма екенсің?
Не қасқа атты Қамбардай,
Аш қылмайтын аң барда,
Құралайды көзге атар
Мерген болар ма екенсің?
Жақсы болып ер жетсе
Балапаны бөбесі,
Бағы ашылып, анасы
Көкке тиер төбесі.
Бақытсыз боп ер жетсе
Бар үміті — қарағы,
Мехнат шеккен сорлы ана
Ашпағаны қабағын.
Әлди-әлди, балашым!
Ұйықтатайын тербетіп...
Тілегім сен, құлыным,
Үміт ақта ер жетіп!..

1926 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Келіншектің бесік жыры өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Келіншектің бесік жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Келіншектің бесік жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Келіншектің бесік жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері