Қазақ сабағы – Сәкен Сейфуллин

Бұл бетте «Қазақ сабағы» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2022
  • 0
  • 0
  • 3567
Иесі болса дағы алтын тақтың,
Көнеді бенде ісіне жалғыз хақтың,
Тағдырға мойын сұнып, елден безіп,
Мен жүрмін ортасында бөтен-жаттың.
Сары қазы, сары қымыз тамағы боп,
Жүргенінде жастары біздің жақтың.
Өлшеулі ет, қара шайды тамақ қылып,
Өткізіп жүрмін уақытын жастық шақтың.
Ас-тойда мендей жастар салтанатпен
Қызығын көргенінде мінген аттың.
Шаң жұтып, көше кезіп, таңдай кеуіп,
Мұршасын алып жүрмін екі аяқтың.
Бейғам боп ата-ананың қастарында
Талайы жүргенінде мендей заттың.
Сағынып әке-шеше, құрбыларды,
Мен жүрмін ортасында қасіреттің.
Қызойнақ, жиын-тойда мендей жастар
Жүргенде істеп дауасын көңіл шаттың.
Сағынып ойын-күлкі, мерекені,
Бетіне мен отырмын қарап хақтың.
Мені ешкім зорлаған жоқ шетте жүр деп,
Не «қасірет» болса дағы өзім таптым.
Шалқамнан жатар едім мен де үйде,
Мен дағы ұрпағы деп аруақтың.
«Өнер тап, жолдастығы жоқ» —
дейді ойым,
«Атадан қалған артта мал мен бақтың».
Я, Алла! Жеткізе көр мұратыма,
Рахаты бар деуші еді мехнаттың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақ сабағы өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Қазақ сабағы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақ сабағы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақ сабағы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері