Лениншілдік – Сәкен Сейфуллин

Бұл бетте «Лениншілдік» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1327
Ленинизм
Білімнің шын құрышы,
Социалға
Тартқан жолдың дұрысы.
Жол дұп-дұрыс
Қолда қылыш,
Алмас, құрыш,
— Қарыштағалы
Аттың қамсыз жүрісі.
Темір таға
Құрышпенен шыңдалсын,
Жолдан құрыш
Таймайтын боп жымдалсын,
Коммунизм — Марксизм,
Ленинизм
Ғылымымен
Сана-сезім сымдалсын!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері