Бір ақынның сандырағы

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 01.08.2022
  • 0
  • 0
  • 1914
Ауру ақын
Ыңқылдайды төсекте
Қыстығып.
Доктор жақын,
Қасында отыр есептеп
Ыстығын.
Блок, Бальмонт
Жастығының астында —
Иманшарты,
Әлі де әл көп,
Ақ орамал басында.
Сөйледі шалқып:
«Мен отпын, жанамын!
Мен отпын.
Мен нажағай —
жарамын!
Мен оқпын.
Мен құдаймын!
Мен күн, аймын!
Мен маймын!
Мен баймын!
«Далалаймын!»
Жаймын!
Мен!
Мен үңгірде арыстанмын!
Мен жүйрікпін, жарысқанмын!
Отпен от боп жанысқанмын!
Алысқанмын!
Шалысқанмын!
Жанмын!
Мен!
Блок, Бальмонт жастығының астында,
Ақ орамал күңгірттенді басында.
«Дай компресс, сал, компресс!»
Састы доктор қасында.

1921 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір ақынның сандырағы өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Бір ақынның сандырағы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Бір ақынның сандырағы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір ақынның сандырағы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері