Біздің тұрмыс – экспресс – Сәкен Сейфуллин

Бұл бетте «Біздің тұрмыс – экспресс» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.08.2022
  • 0
  • 0
  • 1815
Тұрмыстың қара ісіне,
Әлемді құл ғып күшіне,
Еріксіз жұтып ішіне,
Экспресс жөнейді.
Ғашықты жардан бөлсе де,
Талай жан жолда өлсе де,
Жасты, қанды көрсе де,
«Обал болды» демейді.
Жарым артта қаларын,
Меруерттей жасы тамарын,
Білсем де маған қарарын,
Поезға міндім таласып.
Талай жан жаннан айрылды,
Талай жар жардан айрылды,
Сұңқардай талай қайрылды,
Телміріп қалды адасып.
Экспресс зырлайды,
Ешқайда мойын бұрмайды,
Ешкімге қарап тұрмайды,
Аямай жанды баратыр.
Жарымды артта қалдырды,
Кеудені өртеп жандырды,
Алысқа көзді салдырды,
Ұшырып алға қаратып.
Аждаһадай иреңдеп,
Жорғалап кейде күйреңдеп,
Сумаңдап, кейде сүйреңдеп,
Экспресс зырлайды.
Ентігіп жылдам сыбырлап,
Аяқтары қыбырлап,
Адымы жиі жыбырлап,
Тұра тұр десем тұрмайды.
Зырла, экспресс, үш, зырла!
Жұлдыздай ақ, құлдырла!
Құйындай құтыр бұлдырла!
Аямай жүгір бәрің де!
Ерлер мінсе, шыдасын!
Қорқақтар мейлі жыласын,
Шыдамаса құласын!
Аямай сілте барыңды!

1922 жыл, 23-тамыз


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біздің тұрмыс – экспресс өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Біздің тұрмыс – экспресс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біздің тұрмыс – экспресс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біздің тұрмыс – экспресс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері