Бұлшық ет – Сәкен Сейфуллин

Бұл бетте «Бұлшық ет» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2022
  • 0
  • 0
  • 3285
Боянған түрлі шырайлы
Сұлу емес, сырлы бет;
Ширатылған түйіндей
Шын сұлу — күшті бұлшық ет.
Тоқпақтай түйін бұлшық ет,
Әлемді күшке қаратқан:
Сан керемет машина
Күшімен ол таратқан.
Тоқтатпай күш жирылып,
Қозғалса ойнап бұлтылдап,
Ширатылып түйіндей
Жазылып жылдам жылпылдап.
Балғын білек, балтыр да
Ширатылған түйіндей,
Бұлтылдаса бұлшық ет —
Кім тұрады сүйінбей...
Көк темір құрыш болатпен,
Асусыз асқар тау кешкен;
Тас қопарып, жер үңгіп,
Шыңырау қазып, жер тескен.
Шыңыраудан қазып қопарып,
Шығарған болат көк темір.
Мыс, күміс, алтын, қорғасын,
Жер майы, алмас, тас көмір.
Аспанға ұшып су кешіп,
Дүние айналып қыдырған.
Темірден құйып жол салып,
Жер қыртысын сыдырған.
Түйіні тоқпақ бұлшық ет
Аюды да үйреткен.
Бұғалық салып сүйретіп,
Омыртқасын күйреткен.
Айғырдың тоқпақ жалындай,
Бөкеннің серке санындай,
Қайыңның қырған безіндей,
Шортанның жұмыр беліндей,
Ширатылып түйілген,
Болаттай күшпен иілген,—
Бұлшық етті білек пен
Балтырдан күшті дене жоқ!

1923 жыл, 8-сәуір


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұлшық ет өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Бұлшық ет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұлшық ет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұлшық ет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері