Көп ағайын мені, әттең, түсінбед – Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

Бұл бетте «Көп ағайын мені, әттең, түсінбед» атты Тыныштықбек Әбдікәкімұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.09.2022
  • 0
  • 0
  • 1312
Көп ағайын мені, әттең, түсінбеді.
Қысым ба еді ол сонда, түсім бе еді?..
Өлөң үшін әбігер болды ма олар?
Бәрі де әлде өздері үшін бе еді?..
Кісінесе үміттің ақтангері,
ол да жақсы – дәнеме жоқтан гөрі.
Мейірімсіз көп ауыз көкіп-ақ жүр,
мені мұңайтқандарын мақтан көріп.
Құшып алып көңілмен Шар-тарапты,
байғыз үнін тілімнен сорғалаттым.
Мен мұңайсам – ішімде жатар бәрі:
Тау көгеріп, Көл сыздап, қанталап Түн!...
Түн арманын, Тау күшін, Көл талабын
жылтыраған сөздермен саудала, мұң.
Мен – бейшара, Даламның айтқан
Сырын пенделердің тіліне аударамын!
Жусан уыты тамшылап өзегімнен,
Өлөң екендігімді сеземін мен.
Ей, Уақыт, сен бар ғой, берсең маған,
ұлып шыққан Ойлардың кезегін бер!
Өзенім-ай,
мұң-зарың бар ма қанда,
«шөл» деген сөз «өл!» болды дәл маған да!
Ойланғандай боламыз (кешір бізді!),
орман түгіл шілігің қалмағанда!
Жолықпаса жусан – сау, ермен – есен,


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көп ағайын мені, әттең, түсінбед өлеңінің авторы кім?

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы — осы өлеңнің авторы.

Көп ағайын мені, әттең, түсінбед өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көп ағайын мені, әттең, түсінбед өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тыныштықбек Әбдікәкімұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көп ағайын мені, әттең, түсінбед өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері