«Есіміңді ерітіп» тіл ұшында

Бұл бетте ««Есіміңді ерітіп» тіл ұшында» атты Тыныштықбек Әбдікәкімұлы жазған тіл туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 15.09.2022
  • 0
  • 0
  • 1095
«Есіміңді ерітіп» тіл ұшында,
қала бергем вокзалдың бұрышында.

Содан бері ылғи да іңір бағам.
Жан жылуы сол болса,.. бұйырмаған.
Күн батқанмен таң да атар...
Бірақ сенсіз
күншығыстай сарғаю қиын маған.

Жұлдызды тағдырыңның мен жүрмін іргесінде.
Мүмкін-ау білмесің де.
Тек мені өмір саған танытпай жүрмесін де!

Мен де бір – жақсыға жаршы ағамын.
Мамырға қарсы ағамын.
Жүзіңді көрген сайын,
жүректі алақан ғып, қол соғамын.

Мен де бір шөл даладаймын, шілдедегі.
«Нөсерім болып менің бірде, тегі,
жетерсің!» – деген Ойдың өзі
қанша үмітті гүлдетеді!

Сен менің мұңыма қан. Етерсің сырыңа хан!
Көкейде көздерім бар,
өзіңсіз жылымаған.

Білемін,
жұрт әуресі – пендешілік...
Өтінем,
осалдыққа бермеші ырық.
Мен сенсіз:
буынсыз тіл болсам да,
қаламын демде сынып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

«Есіміңді ерітіп» тіл ұшында өлеңінің авторы кім?

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы — осы өлеңнің авторы.

«Есіміңді ерітіп» тіл ұшында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

«Есіміңді ерітіп» тіл ұшында өлеңі не туралы?

Бұл шығарма тіл туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

«Есіміңді ерітіп» тіл ұшында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері