Көктем – Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

Бұл бетте «Көктем» атты Тыныштықбек Әбдікәкімұлы жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 06.11.2019
  • 0
  • 0
  • 2057
Болмаса да тым шұғыл орындар түк,
ерте тұрам (төлдегі тәлім-тәртіп).
Қаңқылдаған әуеде сары ала қаз тауға
қарай өтеді, «горн» тартып.
Иірілер шаруаның ұршығы – мен.
Сақманға әу баста құлшынып ем.
Қошақандар тойып ап, балықтардай
балтырымды түртеді тұмсығымен.
Батыста – мал, мыңғырған, шығыста –
мал, мыңғырынан көңілің тынышталар.
Иін әбден қандырып илеуінің, ширатысқан
мұрттарын құмырсқалар.
Мұңның мені мүмкін бе иектері?
Мұндай бола қоймайды күй өтпелі:
құшағына қыз – самал енген сайын,
балқи түсер таулардың сүйектері.
Айналаны алғанша ымырт қамап,
гүлдеп жатқан кең Дала – түлікке бап.
Қалпағыңа, шешсең-ақ, бұл маусымның
үлгереді торғайы жұмыртқалап...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктем өлеңінің авторы кім?

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы — осы өлеңнің авторы.

Көктем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктем өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көктем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері