Мерей – Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

Бұл бетте «Мерей» атты Тыныштықбек Әбдікәкімұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2019
  • 0
  • 0
  • 4036
Ауылым, болушы еді күнде боран...
Өзгеріп кетті қазір мүлде балаң.
Қаздардың қаңқылынан қаймақ жалап,
Түнде сәл Ай сәулесін тыңдап алам.
Мендегі сөз – құлынды, көз – боталы.
Бұл дәурен қайталанса жазда тағы!..
Мамырдың майын бұлттар бүркіп өтіп,
топырақ жапырағын маздатады.
Бір білсе жер қадірін, тау қадірін,
білер ме жусан емген марқа түлік...
Қыз – Көктем көл басына асығады,
бұрымы бұлт ішінде тарқатылып.
«Сезімнің сынықтарын құрсар күйді
Сен маған осы қазір қисаң қидың!» –
деп түнгі құрбым отыр... Омырауынан
бүр жарған жұлдыздардың иісі аңқиды...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мерей өлеңінің авторы кім?

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы — осы өлеңнің авторы.

Мерей өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мерей өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тыныштықбек Әбдікәкімұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мерей өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері