Бұл бетте «Ата Тілім менің» атты Тыныштықбек Әбдікәкімұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Ата Тілім менің,
Сенің күркіреген күндей қасиетті Дауысыңды
Шеше құрсағына біткенімнен-ақ естігем.
Өмір – мынау, дүние қуа дабырласқан көш түмен!..
Қарсы ұрып жүрмін жылмия арбаған сансыз жылан-пиғылдарға
Өзіңнен дарыған кәрлі қара диюдай Сесті мен!
Құдаймен де Өзің арқылы ғана тілдесем.
Өзің арқылы тілдесермін жоқпен де.
Қырық шілтен аңқыған жұпар желің - өкпемде.
Егер, бір Сөзіңді дұрыс айта алмай қалсам,
Бір тал шөп көз ашпай жатып өліп кетеді Көктемде!
Өзіңсің - өлшеусізді де өлшете алатын Өлшемім.
Мұңыңда мұңсыз ойнаған сәбиіңмін де - мен, Сенің.
Күлкім – Жұмағыңның шұғыласы!
Сөз ұқпастарға үнсіз шыңғырған көз жасың – кемсеңім!
Өзіме жабыла кеткенде өзгетілді құл-құтан,
Ақыра арқаланып кетем, отызекіаспандық дыбыстарыңды пір тұта!..
Сен саңқылдап сөйлей жөнелгенде, жым болады жынды да.
Сенің үнің ғана құлан-таза айықтырады ауру Нұрды да!
Өкінішті, әрине,
Саған көк тиынын да қимайды, даналығың арқылы байыған бар сараң.
Қанша сараң болса, сонша – аран!..
Бір Өзің ғана жанталасудасың,
Болмасыншы деп ертеңгі ұрпақ та ақыл-ойсыз арсалаң.
Отанымнан да қасиетті Ата Тілім-ау менің,
Егер, Сен өліп бара жатсаң, соңғы деміммен де Жан салам!
- Азамат Төре
- Редьярд Киплинг
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі