Өлең, жыр, ақындар

Сезімтал боп кеттік пе біз-ақ бүгін?..

  • 15.09.2022
  • 0
  • 0
  • 1464
Сезімтал боп кеттік пе біз-ақ бүгін?..
Сыртта – жаңбыр.
Басқандай Күз аптығын.
Телефоның... нөмірің... Гудогының
қалай өтсем азапты ұзақтығын?.. Гудок...
Гудок...
Уайым... ырым... сенім?. Гудок...
Гудок...
Ә, міне, үнің сенің!..
Саған деген қиын ғой үмітіме
Санадағы күдіктен бұрын сөну!
Кімсің? – дейсің. Сұрақтың ең келтесі. (әлде
әдейі істейсің, әлде еркесің?..)
Құбылмалы құпия тыныс-үнің құлағымнан құйылып,
Жанды өртесін! Қуатымсың, әнімсің, айбарымсың!..
құдайсынған көңілім жалбарынсын:
нөмірімен сендегі телефонның
Бақытымды белгілеп қойғаным – шын!
Қызықтырып сендегі қылық-тәсіл,
жуасып-ақ барады-ау бүлік басым.
Тіл әдемі сөздерін сұрыптасын,
тастап қойма телефон трубкасын!..
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Не дерімді білмеймін, не дерімді,
қайдан келген ынжықтық, құрып қалсын?!.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Олар дым

  • 0
  • 0

Өзім де елге көптен бері көсемсуді
доғардым. Сен туралы Оймен ғана
өлшенеді әр адым. Кемпірқосақ-үмітімді
жүрегіме орадым. Құштар еттің...

Толық

Мерей

  • 0
  • 0

Ауылым, болушы еді күнде боран...
Өзгеріп кетті қазір мүлде балаң.
Қаздардың қаңқылынан қаймақ жалап,
Түнде сәл Ай сәулесін тыңдап алам.

Толық

Түз тағысы

  • 0
  • 0

Ауылдың тіршілігін бақылаңыз,
әр күні – шешен-ертек, ақын-аңыз...
Ащы-ащы шай ішіп кешкілікте,
тәтті-тәтті Ой ойлап отырамыз.

Толық