Өлең, жыр, ақындар

Елбасы

Кең байтақ даламның кеңдігі
Бірлікпенен татулықтың теңдігі!
Асқақтаған мəртебесі елімнің,
Бұл да- менің Елбасымның ерлігі.

Елбасым-əлемге сыйлы адам,
Бойына күш-қайратын жинаған!
Бар əлемге таныта білген қазақты,
Қасымжомарттай ерді тəңір сыйлаған!

Жыр туса бойымдағы шабыттан,
Сан бата алып жүрген халықтан.
Кемеңгер Елбасымның арқасы,
Тік тұрғызған мына біздей қазақты.

Жыр келіп тұр,міне,таңдайыма,
Ризамын егеменнің-ардағыма.
Жасай берсін,Елбасы жасай берсін,
Бақ болып бар қазақтың маңдайына!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз