Өлең, жыр, ақындар

Жан сырым

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Жаралы жүрек, құлазып көңіл барады,
Қараңғы түнек, жоғалып жатыр бояуы.
Өмір мәні кеткендей боп жанымнан,
Жүрек шіркін сағынып кеп жылады.
Аңғармадым, үлгермедім қоштасып,
Құлазыдым, күндіз – түні ойға алып.
Қимай, қимай жібердім мен мәңгілік,
Бойымдағы тұнған мұңға салынып.
Алла деген әкетеді құлдарын,
Қарсы тұрар пенде барма бұлданып.
Жанып жатыр ішімдегі сезімім,
Күйіп барам сол сезімге булығып.
Қайтара алмас уақытты ешбір адам,
Уақыт емші бола алар ма күйген жанға?!
Жаным от боп жанған кезде, құлазығанда,
Таппай қалдым жанымнан ешбір адам .
Бәрі өтпелі, бәрі өтер бұл жалғанда,
Өткенше ширап кетер жан паршаңда.
Бәрі сынақ қабылдай білу керек,
Әлсіздерге орын жоқ бұл ғаламда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жан сырым өлеңінің авторы кім?

MariyamQalymbet — осы өлеңнің авторы.

Жан сырым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жан сырым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде MariyamQalymbet өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жан сырым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.