Өлең, жыр, ақындар

Анашым

Анашым,
Дұғамдасың, уайым тырым,
Бүкіл байлық,
Өзің үшін арзан жырым.
Егіліп құлынына алаңдаған,
Өмірлік болып өтер жанашырым.
Анашым,
Туылғаннан әлпештедің,
Тірлігімді, ісімді қолпаштадың.
Қолдан келген шараның бәрін жасап,
Келмесе де қол қағып, жоқ демедің.
Анашым,
Құдай берген тілекші періштемсің,
Алыс жүрсең, көре алмай, езілерсің.
Еркелетсе, емі жоқ сырқатыңды,
Емдеп берер, құлындай елжірерсің.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жанарыңнаң көрер ме екем тұңғиық?

  • 0
  • 0

Жанарыңнаң көрер ме екем тұңғиық?
Ғашық болып өтер ме екем ғұмырлық?
Бұйырмаған бір көруді сәт қылып,
Замананың дүниесі екен алдамық.

Толық

Жаным-ай

  • 0
  • 0

Жаным-ай,
Жанымды таба алмадым.
Тапсам да,
Жүрегіңе қона алмадым.

Толық

Әкешім

  • 0
  • 2

Әкешім мың алғыс барлығы үшін,
Анашымды бақытты қылған үшін.
Жақсы перзент адам қып, тәрбиелеп,
Еңбектеніп мәпелеп баққан үшін.

Толық