Өлең, жыр, ақындар

Досыма!

  • 18.12.2015
  • 0
  • 6
  • 52291
Қамығып көңіл сарғайды,
Аласұра бір жүрек.
Өмір әлде алдайды,
Көз жетпейді, кім біледі..
Сонау бір бала шағымда,
Қол ұстасып өскен ем.
Өмірдің рахат таңын да,
Сенімен бірге кешкен ем.
Сұрапыл соғыс бірақта,
Амалсыздан айырды.
Ауыр жағдай шыдатпай,
Дос жүрегін қайырды.
Соғыс бітті.
Жаңарды өмір,
Жүректің кірі жуылды.
Алып-ұшып достық көңіл,
Табысар күн туылды.
Қайда менің тату досым,
Көріселік, бермен келші!
Ізгі достық сыры болсын,
Арманыңды айта берші!..
Келші, досым, келші бермен!
Еске түссін балалық!
Асыр салып жүрген жермен,
Адасқан күнді табалық.
Әлденеге жабығамын,
Адасқан достық сырын айтып.
Ойымнан неге жаңыламын,
Өткен өмір келмес қайтып.
Суысқалы достық жүрек,
Талай жылдар болды міне.
Ұшқанша ол қайта түлеп,
Күні шығар жаңа дүние.



Пікірлер (6)

Аружан

Куштыы манан унады

Аружан

өте керемет

Алмас

Мұқағали Мақатаевтың Досыма! өлеңі ұнады

Бекжан

Әдемі әдемі

Сара

Мне надо это выучить

Болат

«Досыма!» өлеңін оқып отырып, шынайы достықтың қаншалықты терең және мәңгі болатынын сезіндім. Бұл өлеңде бірге өткен балалық, бірге күліп, бірге қиындықты өткерген сәттер — бәрі жүрекке жылы тиеді. Сұрапыл соғыс алып кетсе де, достық қайта жанданады деген ой ерекше әсер қалдырады. Мұндай туынды достарға деген шынайы сезімді ойландырады әрі бағалай білуді үйретеді.

Пікір қалдырыңыз

Өтініш

  • 1
  • 7

Ескі көздер бара жатыр азайып,
(Олар жайлы ойламаудың өзі айып).
Ей, тірілер!
Соларды бір еске алып,

Толық

Тау өзені тентек қой, тасып жатыр

  • 1
  • 5

Тау өзені тентек қой, тасып жатыр,
Ақ көбігін аспанға шашып жатыр.
Арғы жаққа отарын өткізе алмай,
Бала шопан айғайға басып жатыр.

Толық

Сүрініп кетпе

  • 1
  • 6

Сүрініп кетпе!
Сүрініп кетсең, болғаны,
Дей бергін, досым, басыңа қырсық орнады.
Адам дегеннің аяқ астынан сорлауы -

Толық

Қарап көріңіз