Көршілер жыры – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Көршілер жыры» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 7850
Нұрнияз Мұқановқа

Көркем қала. Еңселі үй тұрағымыз,
Қатар маздар кеш болса шырағымыз.
Кірбің түспей келеді көңлімізге,
Бір шырқалып әрдайым жыр-әніміз.
Жатырқамай, жатсынбай, қуыстанбай,
He жетеді қалтқысыз ұтысқанға-ай.
Қолда барды санаспай бөлісеміз,
Бөлінбеген еншісі туыстардай.
Жандардаймыз табысқан тілеп келіп,
Арамызда сызат жоқ бір өкпелік.
Бұл татулық жалғасып ұрпақтарға,
Бір-біріне жүрсе екен тірек болып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көршілер жыры өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Көршілер жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көршілер жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көршілер жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері