Білем, ыстық жас өмірдің құшағы –
Қадыр Мырза Әли
Бұл бетте «Білем, ыстық жас өмірдің құшағы» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Білем, ыстық жас өмірдің құшағы,
Сол құшақтың жетер бізге күші әлі.
Сезіктенбе сәл ауырса бауырың,
Ол тас бауыр еместіктің нышаны.
Мәжнүннің махаббатын тілеп көр.
Бір түлесе ғашықтықтан түлепті ер.
Қорықпа сен қағады деп жүрегім,
Қатты ұрады Махаббатшыл жүректер.
Ажалына келмейді адам сенгісі,
Бәріне де төзу керек ер кісі.
Бас ауырса, шүкір де, дос, шүкір де —
Ол басыңның барлығының белгісі!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі