Сәл дірілі талықсытар ернінің – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Сәл дірілі талықсытар ернінің» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.01.2023
  • 0
  • 0
  • 817
Сәл дірілі талықсытар ернінің,
Өлтіреді-ау елік бейнең өжетім.
Тыңдай-тыңдай Төлегеннің ерлігін,
Өзімді өртеп бара жатыр өз отым.
Балғын жүзің,
Түн бұрымың,
Бал тәнің,
Дегізердей басқа өмірдің қой бәрін.
Елетпестей еркелігің хан тағын,
Таң атқанша таңдай қағып тоймадым.
Батырларға мінгізетін тұлпарын,
Түсіне еніп,
Әулиеге жорытқан.
Сен шығарсың бала күнгі іңкәрім,
Ертектердің парағынан жолыққан.
Күлкісіндей күнге ғашық балбалдың,
Тұра алмаспын құдіретіңе күйместен.
Сыйы болар бақыты бар жандардың,
Ертектегі егейлердей күй кешкен.
Тағдырына ібілістер тіптен өш,
Пайғамбарлық сұлу ғұмыр ең жетім.
Кешір, қалқа, енді маған түк те емес,
Мәңгілікке жаулап алу жер бетін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәл дірілі талықсытар ернінің өлеңінің авторы кім?

Ерлан Аманқожаұлы — осы өлеңнің авторы.

Сәл дірілі талықсытар ернінің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәл дірілі талықсытар ернінің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Аманқожаұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәл дірілі талықсытар ернінің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері