Түк көрмегендей таңдай қақтырып тау елін – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Түк көрмегендей таңдай қақтырып тау елін» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 09.01.2023
  • 0
  • 0
  • 831
Түк көрмегендей таңдай қақтырып тау елін,
Айғыздап бірақ әппақ қырқаның сау өңін.
Ақ жаңбыр құйды,
Айхай дүние,
Ақпанда...
Әуедегі өлең ақ қардың бұзып әуенін.
Үрейге міндік,
Мезгілсіз жауған нұр сынды,
Тереңнен болжап көкірегімен тылсымды.
Сабырмен қарап алапат мынау жаңбырға,
Бастарын шайқап қариялар үнсіз күрсінді.
Таппады тыным тақылдауменен таңдай түк,
Ақ нөсер тұрды қасиетінен мән қайтып.
Әжем отырды иіріп жеңіл ұршығын,
Бала күнінде шілдеде жауған қарды айтып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түк көрмегендей таңдай қақтырып тау елін өлеңінің авторы кім?

Ерлан Аманқожаұлы — осы өлеңнің авторы.

Түк көрмегендей таңдай қақтырып тау елін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түк көрмегендей таңдай қақтырып тау елін өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Түк көрмегендей таңдай қақтырып тау елін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері