Хас батыры боп ертегілердің – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Хас батыры боп ертегілердің» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.01.2023
  • 0
  • 0
  • 786
Хас батыры боп ертегілердің,
Әділдік үшін дұшпанды өлтірдім.
Жұмбақ қайғыға өртеніп өлдім,
Елесі қуып мыстан кемпірдің.
Ақылға жақын аядым миды,
Отаса алмайтын жүрек күшімен.
Арғымақ сенімнің аяғын қиды,
Жалмауыз күндер күрек тісімен.
Адасып қалдым серуен өмірден,
Сергелдеңімен сері қылықтың.
Жындылық сайтан кеудеме мінген,
Самалы тиіп пері күдіктің.
Тарих бетіне сау көшірілген,
Аспанға айтамын жаһанның зәрін.
Тербелем түнде тау бесігімде,
Құшағыма алып Ақанның зарын.
Безіндім сенен қақпайшыл өлкем,
Көзімнің жасын мекенім ішіп.
Қош, ақымақтар, таппайсың ертең,
Құбыжық мініп кетемін ұшып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Хас батыры боп ертегілердің өлеңінің авторы кім?

Ерлан Аманқожаұлы — осы өлеңнің авторы.

Хас батыры боп ертегілердің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Хас батыры боп ертегілердің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Аманқожаұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Хас батыры боп ертегілердің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері