Ояну

Бұл бетте «Ояну» атты Ырысбек Дәбей жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 600
Сағыныш кейпінде,
Сап-сары тауларды көремін –
түс қой бұл.
Ол енді өлең боп оянар,
Азабын көтерер жер ұлы.
Сорым да бес елі арқамнан түспей жүр,
Өңірім ып-ыстық тамшыға боянар.
Обалын көтеріп мойныма,
Бір ұзын жол шұбар, нәресте жетектеп.
Түбінде сұрайды ол расын,
Ауырлық қалпымен түн келер,
Оу, қанша қорғасын кеш өтпек,
Рухым жаза алмай құлашын...
Ап-ауыр ойлардың
Теңіздей тереңі батырып,
Дәл бүгін шық тұнған жолдарға
Жапырағым шашылып,
Тұрғаны – ғасырлар қойнауына кетер ізім,
Шық тұнған жолдар – мәңгілік тақырып!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ояну өлеңінің авторы кім?

Ырысбек Дәбей — осы өлеңнің авторы.

Ояну өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ояну өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ырысбек Дәбей өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ояну өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері