Бейтаныс қала

Бұл бетте «Бейтаныс қала» атты Ырысбек Дәбей жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 524
Бейтаныс қалада,
Сені аңсап езілем жан ана.
Үстімде көнетоз киімдер,
Қолымда ескірген чемодан.
Көшеде көп жалау ұрандар,
Жадымда жауапсыз сұраулар.
Тастанды баладай тағдыры,
Мен және бейшара сығандар.
Жапырақ жығылып жолыма,
Тағдырдың үзіліп оғынан.
Жыл құсы барады аттанып,
Көз алмай қараймын соңынан.
Ұшуға жетпейтін дәрмені,
Арманым бар менің.
Қоржыны тоналған міскіндей,
Мүсәпір хәлдемін.
Бейтаныс қалада,
Сені аңсап езілем, жан ана.
Көшеді көп бұлттар көсіліп,
Шіркін бір тама ма?!
Ащы бір өксікке қақалып,
атсам да үрейге маталып.
Мен сенен безбеймін,
Атажұрт, атажұрт, атажұрт!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бейтаныс қала өлеңінің авторы кім?

Ырысбек Дәбей — осы өлеңнің авторы.

Бейтаныс қала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бейтаныс қала өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ырысбек Дәбей өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бейтаныс қала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері