Әулиеге түнеу – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Әулиеге түнеу» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2022
  • 0
  • 0
  • 550
Бiр қиянат жасамаған бiреуге,
Шын берiлген ақ неиеттi тiлеуге, –
бiр топ адам жалбарынған, жалынған
Әулиеге келiп жеттi түнеуге...
Бойларына кiрiп ыстық бiр ағын
үнсiз-түнсiз тазалады тұрағын,
Сонан кейiн құрбан малын шалды да
оқыды ғой бiлген қысқа құранын.
Жатқан жандар түнеуге кеп жал құмда –
батқан жандар болатұғын зар, мұңға...
Бiр леп соқты жып-жылы боп, жұп-жұмсақ
шығыс жақтан – таң атардың алдында.
Не айтасың! – құдiретке, күштiге! –
Көктен төмен бiр ақ бұлт түстi де,
ақырын кеп, түбiт құсап түтiлiп
қонды келiп сол жандардың үстiне.
Қалай мұны сөзбен түгел айта алам!
ұғады оны көрген менен байқаған.
Тұрған қалқып сол Ақ Бұлт бiр кезде
көтерiлiп кеттi көкке қайтадан!
Көтерiлiп кеттi Ақ Бұлт көкке ұшып.
Белдер жатты қарауытып бүк түсiп.
Көтерiлiп кеттi Ақ Бұлт көкке ұшып, –
Сол бiр кезде қара жер де кеттi ысып...
Басқаша бiр атты таң да сол күнi.
Атқан сол таң бақытты еттi сорлыны –
Сол жандардың үйi құтқа толды да,
бедеу әйел ұл туды ғой сол жылы...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әулиеге түнеу өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Әулиеге түнеу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әулиеге түнеу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әулиеге түнеу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері