Жүретін-ді үш ақын – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Жүретін-ді үш ақын» атты Айтуар Өтегенов жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1756
(Әбдiбек Жаманбаев, Уәйiс Қайралапов, Қаржаубай Жылқыбаевтың рухтарына)

Армандары ақ бұлттарды құшатын,
Мейiрiмдерi ақ кептер боп ұшатын.
Бiр кездерi көшесiнде Бейнеудiң,
Жүретiн-дi қол ұстасып үш ақын.
Үшеуi де бiлiмi мол, мықты адам,
Әрбiр сөзiн тыңдаушысы құптаған.
Үшеуi де жыр кенi едi, бiрақ та,
Еш баспадан кiтаптары шықпаған.
Шәкiрттерге ақ таң едi ататын,
(Мезгiл кептi күндерi де бататын).
Семсер тiлмен, семсер тiлмен, шiркiн-ай,
Бiрiн-бiрi сойып салып жататын.
Тез танитын жастар болса талапты,
Бойларында жомарттық та мол-ақ-ты.
Үшеуi де Омар һайам тәрiздi,
Жырлағанды ұнататын шарапты.
Үшеуi де айтатынын айта алды,
Жыр бәйгеде оздыра алды байталды.
Ай астында Алтыбақан тербетiп,
Өз халқына Ақбөбегiн қайтарды.
Не дүлдiлiн шерте бiлдi күйлердiң,
Түндiктерiн желпiлдетiп үйлердiң.
Мұраларын ұрпақтарға сыйлады,
Ақындардың, батырлардың, билердiң.
Үшеуi де бiлiмi мол, мықты адам,
Әрбiр сөзiн тыңдаушысы құптаған.
Үшеуi де жыр кенi едi, бiрақ та,
Еш баспадан кiтаптары шықпаған.
Армандары ақ бұлттарды құшатын,
Мейiрiмдерi ақ кептер боп ұшатын.
Бiр кездерi көшесiнде Бейнеудiң,
Жүрушi едi әзiлдесiп үш ақын.
Өмiр жолы... сүрiнiп көп, тайып көп,
Бұрқанатын Атырау боп, Жайық боп.
Естiлмейдi дауыстары самбырлап,
Қайда кеткен сол үш ақын ғайып боп?
Кемшiлiктер тауып бiздiң кей iстен,
Келiп кетiп жүрсiңдер ме пейiштен?
Сыртымыздан желеп-жебеп жүретiн,
Тәрiзденiп ақ қанатты Перiште!
Бұдан соң да талай жылдар, күн өтер,
Жырларыңды көкiрекке түнетер,
Өлеңдерiң өлтiрмейдi сiздердi,
Әбекем-ау, Қаржекем-ау, Уәкем!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүретін-ді үш ақын өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Жүретін-ді үш ақын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүретін-ді үш ақын өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жүретін-ді үш ақын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері