Кіріскем жоқ әзір мен күз қамына – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Кіріскем жоқ әзір мен күз қамына» атты Айтуар Өтегенов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1425
Кіріскем жоқ әзір мен күз қамына,
Сенбес едім жүрегім мұздарына.
Мен ғашықпын – өр тұлға ұлдарыңа,
Мен ғашықпын қыпша бел қыздарыңа.
Жүземін де, көп сырға қанамын не,
Оранса ақ сәулеге дала мүлде.
Мен ғашықпын – ақ боран қуатына,
Мен ғашықпын – хош иіс лала гүлге.
Сары аязды үскірік қыста мына,
Орап алам жүрегім ыстығына.
Ғашық болсын дәл мендей
Ғашық болмау,
Жастар үшін кешілмес күшті күнә.
Жүрек жатыр кеудемді өртеп менің,
Ол өзі сүйер білер тентек керім.
Бұл жүрекпен сен үшін, аяулы Отан,
Жанымды да қиюға серт еткенмін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кіріскем жоқ әзір мен күз қамына өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Кіріскем жоқ әзір мен күз қамына өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кіріскем жоқ әзір мен күз қамына өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Кіріскем жоқ әзір мен күз қамына өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері