Сағым – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Сағым» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1462
Шыжып тұрған шілденің,
Тапа-тал түс шағында.
Дала деген бір керім,
Бөленеді сағымға.
Ақ толқында тербеліп,
Барлық нәрсе билейді.
Және олардың жерге елі,
Аяқтары тимейді.
Тұлпар мініп қусаңда,
Шұбатылған шашағы,
Сүріндіріп жусанға,
Арбайды да қашады.
Қиялындай баланың,
Сағым – арман, ақ құсым.
Бұларды сен даланың,
Құдыреті деп түсін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағым өлеңінің авторы кім?

Айтуар Өтегенов — осы өлеңнің авторы.

Сағым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтуар Өтегенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері