Ұқыпты болсаң өзіңе – Төлеген Құмарұлы

Бұл бетте «Ұқыпты болсаң өзіңе» атты Төлеген Құмарұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ұқыпты болсаң өзіңе,
Жетесің айтқан сөзіңе.
Ұқыпты болсаң сөзіңе,
Сенеді халық сөзіңе.
Ұқыпты болсаң сезімге,
Өкінбейсің кезінде.
Ұқыпты болсаң əдепке,
Силайды елің əдетте.
Ұқыпты болсаң ибаға,
Жүреді басың силана.
Ұқыпты болсаң салтыңа,
Жағасың сонда халқыңа.
Ұқыпты болсаң жалпыға,
Аласың жүлде талқы да.
Ұқыпты болсаң ойыңа,
Абырой қонар бойыңа.
Ұқыпты болсаң бойыңа,
Жетерсің арман ойыңа.
Ұқыпты босаң арыңа,
Шыдайсың жоқпен барына.
Ұқыпты болсаң намысқа,
Жетеді қолың табысқа.
Ұқыпты болсаң ұятқа,
Қай жерге басың сиатта.
Ұқыпты болсаң күлкіге,
Алданбайсың түлкіге.
Ұқыпты болсаң уақытқа,
Жетеді қолың бақытқа
Ұқыпты болсаң білімге,
Болашақ нұрлы күнім де.
Ұқыпты болсаң балаға,
Кетпейді лағып далаға.
Ұқыпты болсаң үйңе,
Істей біл жұмыс күйіне.
Ұқыпты болсаң саудаға,
Тарқатып жіберме сауғаға.
Ұқыпты болсаң бау-баққа,
Кетпейді дəулет аулаққа.
Ұқыпты болсаң егінге,
Төленер төккен терің де.
Ұқыпты болсаң малыңа,
Қуат болар халыңа.
Ұқыпты болсаң өзіңе,
Ұнайсың көптің көзіне.
Ұқыпты болсаң өзіңе,
Жетесің айтқан сөзіңе…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұқыпты болсаң өзіңе өлеңінің авторы кім?

Төлеген Құмарұлы — осы өлеңнің авторы.

Ұқыпты болсаң өзіңе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұқыпты болсаң өзіңе өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Төлеген Құмарұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұқыпты болсаң өзіңе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері